Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск байлығы 700 миллиард долларға жеткен тарихтағы алғашқы адам атанды

илон маск 700 миллиард доллар

Фото: Depositphotos.com/magepressagency

Америкалық кәсіпкер Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 миллиард доллардан асқан адам атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл Делавэр штатының Жоғарғы соты төменгі сатыдағы соттың Маскқа берілген Tesla акцияларына арналған опциондарды жарамсыз деп таныған шешімін жойуымен байланысты. Қазіргі кезде бұл опциондардың құны 139 миллиард долларға бағаланып отыр.

Forbes дерегіне сәйкес, сәтті апелляциядан кейін кәсіпкердің жалпы байлығы рекордтық 749 миллиард долларға жеткен.

Осы шешімнен соң Tesla қайтадан Масктың ең қымбат активіне айналды. Опциондардан бөлек, ол электромобиль өндіруші компанияның 12%-на тең қарапайым акцияларына иелік етеді. Олардың құны 199 миллиард доллар деп бағаланып, Tesla-дағы активтерінің жалпы құнын 338 миллиард долларға жеткізді.

Бұл есепке Tesla компаниясы қараша айында Маскқа ұсынған рекордтық өтемақы пакеті кірмейді. Егер Tesla алдағы он жыл ішінде нарықтық капитализациясын сегіз еседен астам ұлғайту секілді ауқымды мақсаттарға қол жеткізсе, бұл пакет Маскқа қосымша 1 триллион долларға дейін акция алуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Назархан Уән
Жексенбі, 21 Желтоқсан, 2025 08:45