Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың "бестігіне" кірді

Американдық Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіжурналдың сайтына сілтеме жасап.

Илон Маск

Журналдың мәліметінше, Маск 74 миллиард доллармен Уоррен Баффет пен Стив Балмерден озып түскен.

Наурыз айының ортасында 49 жастағы Маск Forbes журналының тізімінде 31-ші орында болған. Ол уақытта оның жеке капиталы 25 миллиард долларға жуық еді. Төрт айдан кейін оның дәулеті үш есе өсіп, 74,2 миллиард долларды құраған.

Forbes дүйсенбі күні өткен сауда кезінде Tesla акциялары тағы 9,5 пайызға қымбаттап, 164300 АҚШ долларына дейін жеткен. 29 маусымнан бері, бар болғаны үш аптада 60 пайызға, және тек 2020 жылы 300-ге жуық пайызға көбейген.

Tesla 304,5 миллиард доллар нарықтық капиталдандыруы бар ең бағалы автомобиль компаниясы ғана емес, оның құны Ford, Ferrari, General Motors және BMW компанияларын қоса алғандағы бағадан артық.

2012 жылы Маск 2,4 миллиард доллар табысымен 190-шы орында болған. Осы жылдың 1 қаңтарында ол ең бай адамдар тізімінде 37-ші орында еді. Қысқа уақыттың ішінде Tesla-ның аяқасты және әсерлі өсімі оны әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізіміне кіргізді.

Маск Forbes журналымен тілдескенде ол үшін сандар мен жеке капиталы маңызды емес екенін мәлімдеді. "Сандар өседі, түседі, іс жүзінде адамдар жақсы көретін тамаша өнімдер шығара білу маңызды", - деп айтты ол.

Әлемнің ең бай адамдарының рейтингінде Масктің алдында Amazon корпорациясының бастығы Джефф Безос, франциялық LVMH компаниялар тобының басшысы Бернар Арно, Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс және Facebook басшысы Марк Цукерберг тұр.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр