Ілияс Өсеров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Өсеров Ілияс Ерікұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматыда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Т. Рысқұлов атындағы экономика униерситетін, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ әкімшісі, жетекші маман, менеджер болып бастады.
2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары сарапшы, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің бас сарапшысы болды.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы болды.
2014-2015 жылдары Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы қызметін атқарды;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің бастығы болды.
2015-2019 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығының орынбасары, кейін басшысы болды.
2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.
2019 жылдың мамырынан бүгінге дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
