Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ильиннің салмағында медаль алған Лондон олимпиадасының үш жүлдегері де допинг дауына ілікті

94 келі салмақтағы Лондон олимпиадасының үш жүлдегеріне екінші қайтара жасалған допинг-сынамасы да оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

photo_10306

Фото: vesti.kz

Онда Лондон олимпиадасында қола жүлде алған молдовалық Анатолий Кырыктың допинг-сынамасының оң нәтиже бергені айтылған. Бұған дейін IWF Лондон олимпиадасының чемпионы қазақстандық Илья Ильин мен күміс жүлдегер ресейлік Александр Ивановтың да сынамалары оң болып шыққаны жарияланған еді.

Александр Кырык оған дейінгі Европа чемпионатында допинг қолданды деп айыпталып сегіз жылға спорттан шеттетілген еді. Осыған байланысты Ильиннің Лондондағы көрсеткіші күшін жоятын болса, онда алтын медаль бесінші орын алған ирандық Саид Мохаммадпуруға “бұйыруы” мүмкін. Өйткені, төртінші орын алған ресейлік Александр Деманов та допинг-күдікке ілінгендер қатарында. Мұндай жағдайда “күмісті” Лондонда сегізінші орынға тұрақтаған Оңтүстік Кореялық Ким Мин алуы мүмкін. Бұған себеп 6-шы, 7-ші орындарды өзара бөліскен әзербайжандық Интиг Заиров пен қазақстандық Алмас Өтешов те допинг қолданды деп айыпталып, шеттетілген еді.

Ал “қолаға” тоғызыншы орыннан көрінген поляу Томаш Зелиньски қол жеткізуі ықтимал. Қазіргі таңда Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылы Пекинде жүлдегер атанған үш спортшыны жүлделерінен айырды. Ал Пекин мен Лондонда жүлдеге іліккен спортшыларға қатысты шешім әлі толыққанды шықпады.

Талқылау