Ылғал қар жауады: Қазақстанда минус 8 градусқа дейін үсік жүреді
Еліміздің бірнеше облысында ауа температурасының төмендейді деп күтіледі. Синоптиктер осыған байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 29 қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр, ылғал қар жауады деп күтіледі.
29-30 қыркүйекте түнде, 1 қазанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек, 1-2 қазанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 1-3 қазанда Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градусқа дейін суық болады деп болжануда.
Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде де күн салқындайды. 30 қыркүйекте түнде, 1-2 қазанда Қызылорда облысында 1-3 градус үсік жүреді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"