Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталады
Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биіктігі 4376 м болатын шыңның атауын өзгерту туралы ресми хабарланған жоқ. Алайда, 8-9 шілдеде өткен "Алматы-2023" халықаралық альпинизм бағдарламасында тау шыңының 2023 жылдан бастап қайтадан "Алматы шыңы" деп аталатыны айтылды.
"Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына (1930-1935 жылдары – Алматы шыңы, 1935-1997 жылдары – Комсомол шыңы, 1997-2023 жылдары – Нұрсұлтан) көтерілді", - делінген спорттық шараның бағдарламасында.
Еске сала кетейік, қазақ альпинистері бағындырған шыңның бұрын да атаулары көп болған. Олардың біріншісі "Кіші Алматы шыңы". 1997 жылдан бастап тауға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”