IKEA компаниясы әлемді елжіреткен Панч есімді маймыл арқылы үлкен табыс тапты

Жапониядағы зоопарктағы Панч есімді кішкентай макака IKEA компаниясына үлкен табыс әкелді. Панч өзінің "ойыншық анасымен" бірге әлемді елжіреткен еді. Осы оқиғадан соң ойыншық орангутандар сатылымы күрт өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
IKEA сатылымның артқанын мойындады. Компания, әсіресе Жапония, АҚШ және Оңтүстік Кореяда ойыншық орангутанға сұраныс айтарлықтай өскенін атап өтті. New York Post жазғандай, Жапониядағы IKEA президенті Петра Фаре Панчқа өмір бойына ойыншық қорын сыйлаған. Енді кішкентай маймылдың әрдайым құшақтасатын серігі әрдайым жанында болады.
Ойыншықтың бағасы 19,99 доллар (шамамен 9 400 теңге). Бұл баға оны көпшілікке қолжетімді етеді.
Панч 2025 жылдың шілдесінде 500 грамм салмақпен дүниеге келген. Сол жылғы аптап ыстықта бірінші рет босанған аналық маймыл баланы қабылдаудан бас тартқан. Зоопарк қызметкерлері кішкентай макаканы құтқару үшін өздері азықтандырған.
Панчты зообақта өзге маймылдар тобы мүлде қабылдамай қойды. Кейін қызметкерлер оған "қабылдаушы ана" ретінде ойыншық орангутанды әкеліп берген. Содан бері кішкентай маймыл оны бір сәтке де жанынан тастамайтын болды. Оның ойыншықпен бірге жүрген видеолары әлеуметтік желілерде көп қаралым жинап көптің жүрегін елжіретті.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды