"Иіс сезбей қалады": Мұрынға арналған тамшыларды жиі қолдану қаншалықты қауіпті
Дәрігер, терапевт Наталья Кобелевская мұрынға арналған тамшыларды жиі қолданудың қауіпті зиянын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Дәрігер көптеген адамдардың мұрынға арналған препараттарды бақылаусыз қабылдайтынын атап өтті. Алайда оны жиі тұтыну тәуелділікке әкеледі. Әсіресе тәуелділік бір-екі айдан кейін бәләне бастайды.
Кейін препаратты тұрақты қабылдаған сайын оның рецепторларының әсер ету күші азаяды. Сондықтан адамдар оны одан да көп мөлшерде тамыза бастайды.
"Бірақ мұндай мөлшерде тамшыларды қабылдау қауіпті. Өйткені бұл қан қысымының жоғарылауына, шырышты қабықтың құрғауына және сол жерде қыртыстар мен аносмияның пайда болуына әкеледі. Салдарынан иіс сезу жоғалуы мүмкін", — деп ескертті ол.
Кобелевская бұл тәуелділіктен құтылу үшін маманнан кеңесу алуға шақырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”