Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Олеся Кекселге қатысты іс тоқтатылған жоқ

Ішкі істер министрлігі Кексельге қатысты тергеудің аяқталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

ІІМ: Олеся Кекселге қатысты іс тоқтатылған жоқ

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысына қатысты тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР Ішкі істер министрлігі Олеся Кексельге қатысты тергеудің тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу амалдары жалғасуда.

"Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Тергеу амалдары әлі де жалғасуда",- деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі Тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғанын Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров айтқан еді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі азаптауларға қатысты тергеу басталғандығы туралы хабарлаған болатын, оның құрамына Бас прокуратураның арнайы прокурорлары қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель де кірді.

Талқылау