ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған: Оның жүзден астам адаммен байланыста болғаны анықталды

Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. 

"Біздің министрліктің қызметкерлері де ауруды жұқтырып алған. Бір науқас қазір станционарда ем қабылдап жатыр", - дейді министр орынбасары. 

Сөзінше, ауру жұқтырған қызметкермен 530 адам байланыста болған. Олардың арасында отбасы мүшелері, әріптестері мен басқа да қызметкердің жақындарымен қарым-қатынас жасағандар бар. 

Қазір 30-ға жуық адам ауруханаға жатқызылыпты, тағы 80 үй карантинінде екен. 

"Қазіргі таңда қызметкерлердің көбі ауруханадан шығарылды. Олар өз жұмыстарын жалғастыруда", - деп қосты Ильин. 

Бұған қоса ол ІІМ қызметкерінің арасында көз жұмғандардың жоқ екендігін ескерді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр