Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге жүгінді

Ішкі істер министрлігінде жол қозғалысы қатысушыларынан ауа-райының қиын жағдайында ерекше мұқият және сақ болуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, қыс басталғанда тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басты себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы салдарынан болады.

"Қиын ауа-райы жағдайында автокөлікпен жүру жүргізушілерден жолдағы назарды барынша шоғырландыруды, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобильді жол және метеорологиялық жағдайларға тиісті дайындауды, дөңгелектерді уақтылы ауыстыруды талап етеді", - деді полицияда.

Бұдан басқа, полицейлер бірқатар өңірлердің тұрғындарына жолға шықпауға және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды ескеруге кеңес береді. Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде бұл өңірлерде - 10 градус аяз, кейбір жерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.

ІІМ жүргізушілерді жүріс бөлігінде жаяу жүргіншілер пайда болған кезде ерекше сақ және өте мұқият болуға шақырады. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр