AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ түрменің жертөлесінде қамалғандарды полиция азаптап жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды

Ішкі істер министрі Алматыдағы тергеу изоляторының жертөлесінде ұсталғандарды заңсыз азаптау болып жатыр деген желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/8 тергеу изоляторы мекемесінің аумағында 2 қабатты әкімшілік ғимарат, 4-5 қабатты 6 режимдік корпус, арнайы контингентті ұстауға араналған 230 камера орналасқан. 

“Бұл ғимарттардың жертөлесінде жылу қондырғылары мен байланыс жүйелері бар. Алайда ол жаққа кіру есігі аула сыртында орналасқан. Тергеуге келгендер арнайы іштегі бірінші қабатта қабылданады және оларды арнайы медицина қызметкерлері мен бейнебақылаудағы кезекшілік бақылайтын болады”,- деді ҚАЖД ЛА-155/8 тергеу изоляторы мекемесінің бастығы Әсет Жұмадиев.

Тергеу изоляторының басшысы мекемеге прокуратура өкілдері, құқық қорғау уәкілдері, сондай-ақ қоғамдық бақылау ұйымының мүшелері мерзімді түрде келіп тұратынын жеткізді. 

"Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның ар-намысын, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сотталғандар мен басқа да адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бірінші кезекте қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды әлеуметтендіруге, үкiмдердi орындаудаға, адамның, қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жазаны орындау және өтеу жағдайында қылмыстар жасауға жол бермеу қарастырылған", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр