ІІМ-де Өзбекстан Ұлттық ұланымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураевпен кездесті.
Кездесуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жайы талқыланды. Қазақстан ІІМ мен Өзбекстан Ұлттық ұланы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Осы халықаралық шарт екі ведомствоның қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операциялар жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз болады.
Кездесуге қатысқан тараптар қол қойылған келісім екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ