ІІМ: Біз әр пәтерді жеке-жеке тексермейміз
ҚР ІІМ міндетті уақытша тіркеусіз пәтер жалдап тұратын тұрғындар туралы мәліметтерді олардың көршілері мен пәтер иелері кооперативі беретіндігіне сенімді екендіктерін айтты.
Бұл туралы “Хабар 24” телеарнасы хабарлайды.
ҚР ІІМ орынбасары Рашид Жакуповтың айтуынша, міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған азаматтарды іздеу үшін полицейлер әр үйге жеке-жеке бас сұқпайды екен.
“Біз уақытша тіркелу мәселесі бойынша барлық жағдайды жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында анықтаймыз. 7 қаңтардан бастап біз үй-үйді аралап жүрмейміз. Бұған қажеттілік жоқ. Бізде жағдайды бақылап анықтайтын мүмкіндік пен күш бар”, – деді Рашид Жакупов.
Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқ азаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.
Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.
Егер талапты орындамаған жағдайда тұрғындар 7 АЕК әкімшілік, ал жалға беруші 10 АЕК айыппұл төлеу міндеттелген.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)
Ұйықтап кеткен жолаушыны зорлағаны үшін такси жүргізушісін соттады
Шаханда полициядан қашып жүрген от жағушының әйелі өз болжамын айтты
Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады