ІІМ басшысы: ЭКСПО басталмай тұрып Астананы жезөкшелерден “тазартқанбыз”
Қалмұханбет Қасымов қаланың алдын ала “тазартылғанын”, ал әр үш жұлдызды қонақ үйде полицейлердің кезекшілік етіп жатқаны туралы сендірді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО кезіндегі жезөкшелік төңірегіндегі жағдай туралы айтып берді. “Бұл мәселені жарнамаламаймын. Бұл туралы хабарым жоқ, — деп жауап берді министрі Астанадағы ЭКСПО-ға көрші елдерден “махаббат пірлерін” әкелді деген қауесетке қатысты сұраққа. – ЭКСПО алдында Астана мен шекара маңы облыстарды шолып шыққанымызды атап өткім келеді. Біз қаланы “тазаладық”. Бәлкім бір жерерде қатты кеткен болармыз”.
Қасымов сондай-ақ Астанаға кіруге талаптардың күшейтілгенін хабарлады. “Таяуда ғана қаланың ЭКСПО-ға дайындығы туралы хабарладық. Астанада қылмыстық бес айда 30 пайызға дерлік төмендеді. Әрине бұл көптеген полицейлердің санымен қол жеткізіледі. Барлық тіркелушілерді қазір тексеріп жатырмыз. Біз ол санатты тұлғаларды (жезөкшелер) да қамтыдық. Барлық үш жұлдызды қонақ үйлерде біздің қызметкерлеріміз бен тексеру бойынша шараларға тартылғандарға тола”, — деді Қалмұханбет Қасымов. Халықаралық мамандандырылған “ЭКСПО-2017” көресі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтіп жатыр. Көрмеге 100-ден астам ел қатысып жатыр.
Бұған дейін Астанада жезөкше қазақ қыздарының шетелдіктерге қымбат бағада қызмет көрсетіп жүргенін хабарлаған едік.
Тағы да оқыңыз:
Үлкен ақымақтық: Талдықорған тұрғыны қымбат Porsche көлігін қоқысқа тастады
Желіде “Астанадағы қаңғыбастарды сырт жаққа тасып жатыр” деген хабарлама тарады (видео)
“Бір сағаттық келін”: Әйелдер жаңа қызмет түрлерін ашып жатыр