Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ басшысы "биохимиялық қаруды шашу" жайлы таралған ақпаратқа жауап берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "биохимиялық қаруды шашу" жайлы желіде тараған айқпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Ішкі істер органдары жүргізген құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатындағы әлеуметтік желілердің күн сайынғы мониторингі соңғы уақытта жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, осындай хабарламаның әрбірін біз тексереміз", - деді министр.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кейбір пайдаланушылар келесі мазмұндағы видео жариялады: "Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақ химиялық шабуылынан болды". 



"Бұл хабарламалардың барлығы расталмаған және өтірік болып табылады және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет ретінде бағаланады", - деп мәлімдеді Тұрғымбаев.

Министр осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын", - деп атап өтті Тұрғынбаев

Талқылау