ІІМ басшысы балаларға жасалатын қатыгездік туралы жантебірентерлік жазба қалдырды

Ішкі іштер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-тегі парақшасында өзін таң қалдырған қылмыстар туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыметроқұрылыс

"Әр таң сайын ІІМ кезекшісі ел бойынша жедел жағдай туралы баяндайды, жедел мәлімет ұсынады. Бір күндегі оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың статистикасын зерттей отырып, сіз әр санның артында біреудің өмірі, біреудің тағдыры тұрғанын түсінесіз. Бірақ өзінің кәсіби қызметі кезінде неше түрлі нәрсені көрген мені Үштөбе қаласындағы жеке үйде мұздатқыштан екі жасар баланың мәйіті табылған жантүршігерлік қылмыс тітіркендірді. Осы әрекетті жасады деген күдікпен баланың анасы ұсталды", - деп жазды министр.

Ол іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ана деп атаудың өзі артық әйелдің іс-әрекеттері құқықтық баға алатынын мәлімдеді. Оны осы қорқынышты қылмысты жасауға итермелеген себептер анықталады.

"Балаларға қатысты қатыгездіктің себебі - жұмыссыздық немесе материалдық әл-ауқаттың төмендігі, бір немесе екі ата-ананың ішімдікке тәуелділігі, жалғыздық немесе айырылысқан отбасы, ата-аналардың бақыланбайтын көңіл-күйі, көңілсіздіктері, олардың ашулануы немесе өмірден түңілуі, жетілмегендігі немесе өзімшілдігі, шамадан тыс талаптары ... Бәрі де! Бірақ ешбір себеп балаларға қатысты қатыгездігін ақтай алмайды", - деді Тұрғымбаев.

Ол соңғы уақытта ата-аналары мен басқа отбасы мүшелері тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері жиі кездесетінін атап өтті.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған тағы бір қылмысты айтпай кету мүмкін емес, бұл интернетте баланы ер адамның аяусыз ұрып-соққаны түсірілген бейне пайда болған кез.  Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Белгілі болғандай, отағасы  3, 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ бұрын полицияға күйеуін ұрып-соғу туралы өтініш берген анасын тәртіпке келтіру және "тәрбиелік" мақсаттар үшін бірнеше рет ұрған. Әйел бір рет өтініш беруден бас тартты, екіншісінде күйеуін кешірді,  әкімшілік іс медиация арқылы тоқтатылды, осылайша отбасылық тиран тағы бір рет жауапкершіліктен құтыла алды. Соңғы факт Қылмыстық Кодекстің 110-бабы "азаптау" бойынша тіркелді және кінәлі адам лайықты жазаға тартылады", - деп жазды Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы балаларға қатысты қатыгездік олардың денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіретінін, ауыр әлеуметтік салдарға әкелетінін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, зорлық-зомбылық құрбаны болған балалардың психикалық, физикалық және эмоционалды денсаулығында елеулі ауытқулар бар. 

Ол азаматтарды полициямен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

"Көршілер, туыстар, жақын адамдар қасында болып жатқан оқиғаларға немқұрайды қарамауы керек, қажет болған жағдайда дабыл қағуы керек. Уақытында келіп түскен сигнал кезекті құқық бұзушылықты ескертеді. Балаларға деген көзқарас - қоғамдағы адамгершілік, құқықтық мәдениет деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру - әр азаматтың мойнындағы парыз!", - деп түйіндеді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр