Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық ісімен әйел тергеушілер айналысады

Елімізде бұдан былай әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты әйел тергеушілер тексереді.

Алматыда ер адам 13 жастағы екі қызды зорлағанын видеоға түсіріп, қорқытып келген

Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев үйдегі зорлық-зомбылық туралы сенсациялық заң жобасына түсініктеме берді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әйелдер мен кәмелетке толмағандар күн сайын жыныстық қылмыстың құрбаны болатынын айтты.

Министр осындай қылмыстарды тергеуге қатысатын тергеушілердің мамандандырылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әйел қызметкерлерге сексуалдық қылмыстардан зардап шеккендермен жұмыс жасау бойынша оқыту мен білім беруді тапсырды.

Оның айтуынша, осы жұмыс саласына тәжірибелі жауапты қызметкерлерді тағайындау, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау бағдарламасын кеңірек қолдану және жеке ақпараттың құпиялығын қатаң сақтау қажет.

Талқылау