Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ Алматыда 10 адамды атып өлтірген атышулы Руслан Күлекбаевтың түрмедегі тәртібі жайлы айтты

Алматыда 10 адамды атып өлтірген Руслан Күлекбаевтың түрмедегі тәртібі жайлы белгілі болды деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Руслан Күлекбаевтың түрмедегі тәртібі жайлы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты. “Халық үні” сайтының Тelegram-арнасындағы жауабында оның Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатқанына тоқталды. Әрі бүгінгі күнге дейін тәртіп бұзбағанын айтты. 

Сонымен қатар Мейрам Аюбаев экс-министр Талғат Ермегияевтің де қамаудағы жағдайына жауап берді. 

“Ермегияев алдында жазасын Астанадағы мекемеде өтеді. Онда ол біраз заңбұзушылық жасады. Бүгінде ол жазасын Алматы облысында өтеп жатыр. Соңғы уақытта режим бұзған жоқ”, - деді ол. 

Талқылау