ІІМ “Әбу-Даби Плазадағы” қақтығысқа қатысты түсініктеме берді
ҚР ІІМ кеше Астананың сол жақ жағалауының қоршауға алынуына байланысты түсініктеме берді.
“20:35-те “Әбу-Даби Плаза” кешені құрылысы аумағында үндістандық және қазақ жұмысшылар арасында қақтығыс болды. Дау күзетшінің мас күйдегі үнді жұмысшысын нысан аумағынан шығармай қоюынан басталған. Сосын ол өзінің отандастарын шақырып, күзетшіні сабап, кейін күзетші үшін қазақ жігіттері араша түсіп, төбелес басталады. Төбелеске 30-дан астам адам қатысқан. Оқиға орынына Үндістан елшіс, жергілікті билік өкілдері мен компания адамдары келді”, – деді баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаев.
Оның сөзінше, ішкі істер қызметкерлері оқиға әрі қарай өрбіп кетпес үшін тиісті шараларды жүргізген. Қақтығыс кезінде құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек екі адам ғана жеңіл жарақат алған.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында мүгедектер 147 мың теңгеден заңсыз салық төлеп келген
Иманғали Тасмағамбетовтің қызы өз қаражатына Алматыда мектеп ашты
Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа жүйесі бойынша оқиды
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты