Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей анықталды

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті көлікте отырып, сыртқа дәрет сындырған полицейдің кім екенін анықтады.

20160927183844

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары тоқтап тұрған көліктің артқы орындығында отырып, сыртқа қарай дәрет сындырған полицейді суретке түсіріп алып, жария еткен болатын.

“Фотоға түсіп қалған полицей анықталды. Ол Түркісіб ауданының жергілікті полиция қызметкері болып шықты”, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Егер аталған факті бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі және ішкі істер органы қызметіне дақ түсіргені дәлелденген жағдайда заң бойынша шара қолданылады.


Оқи отырыңыз:

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы, қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады

ЖКО-ға себепкер болған полицей қазақстандықтардың жүрегін ауыртты

Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр

Талқылау