Иглздар мазақ деп ойлаған: “Опмай-Опмай” хиті Ninety one солистеріне ұнаған
Ұзақ уақыттан бері шығармашылығында үнсіздік орын алған “Бақай” мен “Азия” топтарының өмірі бүгінде күрт өзгерген. “Опмай-Опмай” хиті жарыққа шыққалы өнерпаздарға тапсырыс берушілер телефонға маза бермейтін көрінеді.
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Бақай” мен “Азияның” ортақ туындысы ғаламторда бір ай ішінде 12 миллионнан аса қаралым жинады. Бұған дейін миллион қаралымның өзін түсінде көрген жігіттер бұл туындының жеткен жетістігіне таңғалып отыр.
“Бір бомба болды ғой расында да. Өмір өзгерді ме дегенде, әрине ұсыныстардан телефон тыным таппай жатыр. Ол рас!” – дейді “Азия” тобының әншісі Ербол Шәріпов.
Қазақстандықтар арасында жаппай хитке айналған бұл туынды 91 тобының фанаттарына жақпай қалса керек-ті. Иглздарға клиптегі Ninety one тобының кескіні “мазақ” сияқты көрінген.
“Иглздар әсіресе суық қарсы алды. Байбалам салып, сендерге оларға жетпейсіңдер. Қартайып қалғандар, өздеріңше жамандап жатырсыңдар деген сияқты”, – дейді “Азиялық” Ербол.
Алайда 91 жанкүйерлері бүгінде тынышталды. Себебі хит Ninety one солистерінің өзіне ұнаған.
“Ол «ойпырмай» деген сөздің қысқарған түрі емес пе? Опмай-опмай! Маған ұнады негізі. Шын сөзім! Вот серьезно! Маған ұнады!” – дейді 91 тобының рэпері Zaq.
“Мен салып қойдым парақшама. Эй, иглздар! Тыңдаңдар кумирларыңды дедім. Неге «эй» дейсің дейді. Менің айтуға құқығым бар. Өйткені, мен үлкен кісімін, сосын олардың маған жасаған шабулы бар. Айтқан жаман сөздері бар. Өздеріңнің кумирлеріңнен өнеге алыңдар дедім”, – дейді Ербол Шәріпов.
Ал орындаушылар алдағы уақытта хиттің жалғасы жарық көреді деп уәде берді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.