Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ига Швёнтек Цинциннати турнирінде жеңіске жетті

Польшалық теннисші Ига Швёнтек WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалда әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл трофей Швёнтектің мансабындағы 24-ші жеңісі әрі алғашқы Цинциннати титулы болып отыр. Сонымен қатар ол WTA 1000 деңгейінде 11-ші мәрте жеңімпаз атанды. Турнир барысында поляк спортшысы қарсыластарына бір сет те бермей, финалда өз мүмкіндіктерін толық пайдаланды.

Осы жеңістің арқасында Швёнтек әлемдік рейтингте қайтадан екінші орынға көтеріледі және алдағы US Open турнирінде екінші нөмірлі теннисші ретінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, польшалық теннисші жартылай финалда Қазақстан құрамасының спортшысы Елена Рыбакинаны ұтқан еді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 09:54
Талқылау