IFFHS тарихтағы үздік футболшылар тізімін жариялады: Месси — №1
Фото: Getty Images
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) барлық уақыттың үздік футболшыларының жаңартылған тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейтингтің көшін аргентиналық Лионель Месси бастап тұр. Ол футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы ретінде танылды.
Үздік үштікке Пеле (Бразилия) мен Диего Марадона (Аргентина) кірді. Ал төртінші орынды Криштиану Роналду (Португалия) иеленді.
Қазіргі таңда "Интер Майами" клубында ойнап жүрген Лионель Месси — футбол тарихындағы ең көп ұжымдық және жекелей марапаттарға ие ойыншы. Оның басты жетістіктері:
-
1 әлем чемпионаты
-
4 Чемпиондар лигасы
-
10 Испания чемпионаты
-
2 Америка кубогы
-
Барлығы 46 трофей
Бұған дейін, 2000 жылы, IFFHS Пелены XX ғасырдың үздік ойыншысы деп таныған болатын. Ал екінші және үшінші орындарға Йохан Кройф пен Франц Беккенбауэр жайғасты.
Осылайша, Месси IFFHS-тің бүкіл футбол тарихын қамтитын жаңартылған рейтингінде бірінші орын алған алғашқы ойыншы атанды.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
