«Иесіз аула сияқты»: Алматыдағы студенттердің жатақханасы комиссияны шошытты
Алматыдағы жекеменшік оқу орындарының жатақханалары адам шошырлық жағдайға жеткен. «Жас Отан» мүшелері тексеру жүргізді. Жатақхана бөлмелерінің көбі санитарлық талапқа сай келмейді. Ал тұрғаны үшін студенттер ақша төлейді. Ал кейбір жатақханада шеттен келген адамдар да тұрады. Анықталғандай, олар жарнама бойынша келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.
Лас терезе төсеніштері, ескіріп кеткен перделер, үстелдердегі оқулықтардың орнында – плиткалар тұр. Алматының жекеменшік университеттерінің бірінің жатақханасындағы бөлмелер дәл осылай көрінеді. Ғимарат 110 орынға есептелген. Онда қанша студенттер тұратынын айту қиын. Бір жылға жуық жатақхана бөлмелері интернеттегі жарнамамен жалға беріледі. Мұны «Жас Отанның» өкілдері анықтады.
«Крыша», Алматы жатақханасы. «Ақ Барыс» жаңа студенттік тұрғын үй кешенінде тұруға барлық жағдайлар жасалған. Бір адамға айына 25 мың теңге. «Қайнар» университеті жатақхананы жалға береді.
Алайда, жатақхана меңгерушісі мұндай жарнамадан хабарсыз екенін айтты.
Өрмекшінің торы барлық ғимаратта бар. Демалыс бөлмесінде ешқандай жағдай қарастырылмаған. Студенттер осындай жағдай үшін айына он мың теңге төлейді. Жатақханада асхана жоқ. Тек ас бөлмесі ғана бар. Бірақ ол жерде студенттер ас та ішеді, кір де жуады екен.
«Ол жерде таза. Неліктен? Өйткені ол жерде кезекшілік жүреді. Әр күні бір студенттен кезекші. Егер үш рет ескертуді орындамаса жатақханадан шығарамыз», – дейді жатақхана меңгерушісі Жеңіс Жұмабеков.
Жекеменшік оқу орнының жатақханасында студенттерге дұрыс жағдай жасалмаған. Студенттер құрылыста тұратын секілді. Бөлмелерінің де есіктері жабылмайды. Оларға тек бір кір жуғыш машинасы берілген. Ол да ақылы.
Едені жоқ және жөндеу жұмыстары жүргізілмеген бөлмеде жеті студент тұрады. Темір төсек пен сынық орындықтар ғана бар. Оған он мың теңге төлейді.
«Бұл жерде студенттер тегін тұрмайды ғой. Мынадай жағдай үшін ақша төлейді. Тіпті жатақханаға кіру сағаты көрсетілмеген. Бұл жер иесіз аулу сияқты. Талапқа сай емес екен, онда лицензия бермеу керек», – дейді «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.
Алматы бойынша 95жатақхана бар. Оның көбісі ақылы. Ол жерде көбінесе жағдай жасалмаған. Сол себептен де студенттер айына 27 мың төлеп пәтер жалдайды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
