Иесін іздеген көлік жұртты күлдірді (видео)
Ресейдің Пермь қаласында темір тұлпар бірнеше минут бойы иесін іздеп жүріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде өздігінен оталып жүріп кеткен автокөлікітің видеосы тарады. Бейнежазбада көлік тізгінінде ешкім отырмаған темір тұлпардың көше бойымен өзідігімен айналып жүргендігі байқалады. Артынша иесі іш киіммен жүгіріп шығып, оны тоқтатпақшы болады.
Абырой болғанда оқиғаның салдарынан ешкім жарақаттанбапты.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайт жайлы жарыса пікір қалдырып жатыр. Біреулер көліктің өздігінен оталаттындығын мақтап, "дәл осындай автокөлікті сатып алу керек қой" деп жазса, ендігілер Ресейде мұндай оқиғаға таңқалудың қажет жоқ екендігін айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”