Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесі қараусыз тастап кеткен 14 мысық бірін бірі жеп қойған

Австралия соты хайуанаттарға қатаң қарап, 14 мысықты қараусыз үйінде қалдырып кеткен Аделайда қаласының тұрғынына айып тақты.

_92618488_cat

2015 жылдың қыркүйек айында 43 жастағы әйелдің үйінен 13 мысық өлі күйінде табылды.

Жануарларды қорғау жөніндегі патшалық қоғам инспекторы Адреа Льюис жан-жануарларды, хайуанаттарды қорғауға шақырды.

Видеожазбадан үй ішінің шашылып жатқанын, мысықтардың қалдықтары жатқаны байқалады.

Ол 14 мысықтың ішінде бір мысықтың ғана аман қалғанын, оны қала тұрғынының бірі асырап алғанын айтты.

Льюис хайуанаттарға қарай алмайтын болса, арнайы орындарға немесе көршілеріне табыстауын сұрайды.

Сот мысық иесіне 12 ай жұмыс істеуге міндеттеді. Оған үй хайуанаттарын асырауға тыйым салынды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

Қазақ ғалымы ойлап тапқан отқа жанбайтын жабын үлкен сұранысқа ие болуда

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Талқылау