Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IBF допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды

кәсіпқой боксФото:Topranking

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін де чемпиондық атағын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алайда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшыға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сонымен қатар IBF ұйымы барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Онда екінші жартылай жеңіл салмақта қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек үшінші орынға жайғасқан.

Бұған дейін World Boxing Organization (WBO) шешімімен Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілген еді.


Жәнібек Әлімханұлының ағзасына тыйым салынған зат қалай түскені анықталды


Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерін сақтап қалды


 

Ұйым қазақстандық боксшының бұған дейін антидопинг ережелерін бұзбағанын, тергеу барысында толық ынтымақтастық танытқанын және бұл алғашқы құқықбұзушылық екенін жеңілдетуші фактор ретінде ескерген.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 18:11