Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте 7 мың адам вакцина салдырды

Алматыда жаппай вакциналау басталған бір күнде 7 мыңнан астам адам екпе алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынның мәліметінше, 2 сәуірдегі жағдай бойынша  7 060 адамға вакцина салынды.

Қазір Алматыда 56 вакциналау пункті жұмыс істейді. Олардың 16-сы жеке меншік. Сәуір айында 250 егу пунктін ашу жоспарланып отыр.

Егу кабинеттері мектептерде, базарларда, сондай-ақ СОО-да ашылады. Алдын ала тізім жасалды. 

Бұдан басқа, Алматы базарларының аумағында: Өжет, Ақ бұлақ, Кенжехан, Тастақ, Орбита, Олжа, Байсат, Түрксіб және басқа орындарда пункттерді ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды. 


Алматы қаласына арналған 2021 жылдың оразасы кестесі

STAN.KZ
Сенбі, 03 Сәуір, 2021 10:20
Талқылау