Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Хутор" бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Фото: Видеодан скрин

“Хутор” қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің барысы туралы айтты.

“Бізде қылмыстық істің тергеу нәтижелері бар. Тергеу жұмыстары аяқталды. Хасан Қасымбаевқа тиісті айыптаулар тағылды. Ол қазір қамауда”, – деді Санжар Әділов.



Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті.

Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Кейіннен "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар күні кеше, Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 16:18
Талқылау