"Хутор" бандасының басшысы делінген Хасанның соты өтетін күн мен орын белгіленді
Фото: Видеодан скрин
Бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Хасан Қасымбаевқа қатысты сот отырысының қашан басталатыны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талғар аудандық сотының хабарлауынша, “Хутор” бандасының басшысы делінген Қасымбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы 20 тамызға белгіленді. Іс Талғар аудандық сотында қаралады.
Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылды?
2 қарашада "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үш жыл бұрын жасалған қылмысы үшін қамауға алынды. Ал 5 қарашада ол екі айға қамалды. Хасан 2021 жылы ережесіз жекпе жектен жаттықтырушыны ұрлап, ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Кейін оған қатысты үш бап бойынша іс қозғалды:
– адам ұрлау;
– денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
– бопсалау баптары бойынша тергеу басталған еді.
Еске салайық, бұған дейін "Хутор" бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түскенін жаздық. Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті.
Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Кейіннен "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
