HUAWEI WATCH FIT 4 Pro және салауатты өмір салты: спортқа арналған сағатқа шолу
Адамның қол сағаты күнделікті өмір тәртібіне сай келуі керек. Сол себепті HUAWEI компаниясы салауатты өмір салтын ұстанатындарға қолайлы әрі дизайны күнде тағуға ыңғайлы HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатын шығарды. Stan.kz ақпарат агенттігі жаңа модельді қолданып көріп, функцияларын шолып шықтық.
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатын бес санат бойынша сынап көрдік:
- Сырт көрінісі;
- Салмағы мен көлемі;
- Бауы мен корпусының материалы;
- Экраны мен қуаты;
- Функциялары.
Дизайны: кеңсе де, тауда да, спорт алаңында да тағуға болатын сағат
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro – бұл тек смарт сағат емес, заманауи өмір салтына арналған сәнді әрі функционалды аксессуар. Модель үш түрлі түсте шығарылған: қара, жасыл және көк. Біз әмбебап саналатын қара түрін қолданып көрдік. Сағаттың бұл нұсқасы классикалық киіммен де, спорттық образбен де жарасады. Ал ашық әрі ерекше стильді ұнататындарға жасыл мен көк түстер тамаша таңдау болмақ.
Сағаттың көлемі де, салмағы да қолға ыңғайланып жасалған. Аксессуардың ұзындығы — 44,5 мм, ені — 40 мм, ал қалыңдығы — небәрі 9,3 мм. Салмағы бауын есептемегенде бар болғаны – 30,4 грамм. Яғни сағат жеңіл, ықшам әрі білекке салмақ түсірмейді. Бұл смарт сағатты білегі 130–210 мм болатын кез келген адам – ерлер де, әйелдер де таға алады.
Өрілген бауы жұмсақ әрі жеңіл
Сағатты таққанда ең бірінші байқайтыныңыз – оның жеңіл екені. Себебі сағаттың корпусы авиацияда қолданылатын арнайы алюминийден жасалған: берік, бірақ өте жеңіл. Ал экран айналасындағы жиектері титаннан, экранның өзі сапфир шынысынан әзірленген. Соның арқасында сағат тез сырылып кетпейді, тот баспайды әрі ішкі бөліктері жақсы қорғалған. Адам сағатын таққысы келмеген кезде еш алаңдамай, кілт және тағы басқа заттарымен бірге сөмкесіне салып қоюына болады.
Тағы көзге түскені – сағаттың екі қабат болып өрілген бауы. Өрілген бау жұмсақ әрі қолға жағымды. Cондай-ақ HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатына жаңбыр жауғанда, қолыңызды жуғанда, бассейнге түскенде су тисе, ештеңе болмайды. Себебі ол суға төзімді және бауы тез кебеді. Оның үстіне адамның білегін де терлетпейді.
Сезімтал әрі сапалы экраны
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатының сенсор экраны өте сезімтал. Саусақты лезде сезеді әрі тез істейді. Адам далада немесе жаттығу залында жүгіріп бара жатқанда сәл ғана түртіп, басқарып, функцияларды ауыстыра алады. Оған қоса экран жарықтығы – 3000 нит. Яғни сағаттың экранындағы жазулар, қызметтер қараңғы жаттығу залында да, күн шығып тұратын жап-жарық далада да анық әрі қанық көрінеді. Смарт сағатты IOS және Android жүйесі бойынша істейтін смартфондарға қосуға болады. Сағаттың қуаты орта есеппен 7-10 күнге жетеді. Яғни қайта-қайта қуаттап отырудың қажеті жоқ.
Жүгіру, жүзу, гольф және тағы басқа: түрлі спортқа арналған функциясы бар
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатына түрлі спортқа ыңғайланған функциялар қосылған. Мысалы, адам сағатты тағып, таңертең жүгірсе, оның жүрек соғысы, қанша қадам басқаны және қанша калория жұмсағаны нақты көрсетіліп тұрады. Оған қоса алдын ала бағыт құруға мүмкіндік береді. Велосипед айдағанда жаттығу қарқыны бақыланады. Ал HUAWEI WATCH FIT 4 Pro-ны тауға шыққанда немесе баспалдақпен көтерілгенде тақса, барометр мен навигация жүйесі қанша биікке шыққанын, тауда адасып кетпеу үшін бағыттан ауытқып кетіп-кетпегенін көрсетіп, жол бағыттайды және қажет жағдайда ескертіп отырады. Тіпті, бұл сағатты суға түскенде де тағуға болады.
Сонымен қатар бұл құрылғы суға төзімді әрі оған адамның қаншалықты тереңге сүңгігенін, су астында қанша уақыт болғанын да есептейтін бергіші (датчик) бар. Мысалы, біз сағатты сынағанда және онымен суретке түскенде Алматыда жаңбыр себелеп жауып тұрды. Дегенмен HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатына жаңбыр тамшысы тисе де, экраны жап-жақсы істеді. Бір сөзбен айтқанда, салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін таптырмас көмекші.
Адам денсаулығын бақылайтын Huawei Trusense жүйесі
Бұл сағатқа Huawei Trusense жүйесі орнатылған екен. Соның арқасында сағат адамның хәл-жағдайын, денсаулығының күйін қадағалап отырады. Бұл адамға өзінің денсаулығын күтуге, жаттығу кезінде асыра сілтеп, өз тәніне зиян келтірмеуіне мүмкіндік береді. Оған қоса адамның ұйқысын, эмоциялық күйін бақылай алады. Мысалы, түнде сағатты тағып ұйықтасаңыз, таңертең қанша сағат ұйықтағаныңыз, ұйқыңыздың қаншалық сапалы болғаны туралы ақпарат береді. Мысалы, ұйқыңыз нашар болса немесе ұзақ уақыт күйзелісте жүрсеңіз, сағат "Сіз шаршадыңыз немесе күйзелісте болуыңыз мүмкін" деп ескерту береді. Оған қоса HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатында әйелдерге арналған күнтізбе де бар. Ол арқылы қыз-келіншектер менструация циклін бақылап, етеккірі қашан келіп, қашан аяқталатынын ескертеді. Аталмыш функциялар әйелдерге алдын ала дайындалуға көмектеседі және денсаулықты жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
Смартфонның қызметін атқаратын ақылды жүйесі
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағаты смартфонға жалғанған соң, оның да көптеген қызметін атқара алады. Спортпен айналысып жатқанда смартфонды ыңғайлы жерге қойып, сағат арқылы хабарламаларды, қоңырауларды көріп, оған жауап бере аласыз, және скриншот жасауға мүмкіндік бар. Мысалы, біз смартфонды қолданған кезде жалпы сағаттың мәзірін, сағатты қолданған адамның жүрек қағысын, өкпесіндегі оттегі мөлшерін, ұйқы сапасын есептеп, оны скрин етіп сақтап алдық. Бұл қолданушыға өз денсаулығына қатысты деректерді сақтап, бірнеше уақыттан соң, салыстыруға көмектеседі.
Қорыта айтқанда, HUAWEI WATCH FIT 4 Pro сағатын кез келген жастағы адам сатып алуына болады. Әсіресе, тек уақыт үшін емес, спорттық мақсатта да қолданғысы келетіндерге көмек құралы бола алады.

"Атамды "жапон тыңшысы" деп атып өлтіргені үшін тегімізді өзгерттік": Қазақстандық әйел репрессия жылдарында туыстарының көрген қасіретін баяндады
