Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HUAWEI Pura 70 сериясы смартфондарға арналған ең үздік камералар рейтингінде рекордтар орнатуда

Huawei компаниясы жаңа HUAWEI Pura 70 смартфондарының сериясының жарыққа шығатынын хабарлайды. Бұл ақпарат Huawei компаниясының камераларының жаңашыл технологияларымен танымал P сериясының ресми ребрендингінің белгісі болды. Инновацияларға толы смартфондар енді Қазақстанда да қолжетімді.

Жаңа көзқарас пен алдыңғы қатарлы технологиялар

Жаңа сериядағы смартфондардың үш үлгісі бар: HUAWEI Pura 70, HUAWEI Pura 70 Pro және HUAWEI Pura 70 Ultra. Бұл құрылғыдар Р сериясының мобильді фотосуреттер саласындағы дәстүрін жалғастыра келе пайдаланушыларына камераларының инновациялық функциялары мен алдыңғы қатарлы мүмкіндіктерін ұсынады. HUAWEI Pura 70 жаңа сериясы революциялық суреттерді өңдеу жүйесімен, сонымен қатар Ultra Speed Snapshot функциясымен жабдықталған. Pura 70 камераларының ең басты сипаттарының біріне айналған бұл инновациялық функция шыққан сәтінен бастап бірде Қытайдағы пайдаланушылардың арасында кеңінен қолдау тапты. 

Мойындау және сыншылардың рекордтық бағалауы

HUAWEI Pura 70 Ultra камерасы 163 ұпай жинап, DXOMARK техникалық зертханасының нұсқасы бойынша смартфондарға арналған ең үздік камера деп мойындалды. Бұл үлгінің камерасы өзінің фотосуретке түсіру мүмкіндіктері, оның ішінде түстердің айрықша анықтығы және автофокустың алдыңғы қатарлы функциялары үшін жоғары бағаланды. 

Уақыттан озған камера

HUAWEI Pura 70 Ultra шыққан сәтінен бастап өзінің 300 км/сағ дейінгі жылдамдықта фотосуретке түсіру мүмкіндігін беретін Ultra-Speed Snapshot бірегей функциясы арқасында бірден көзге түсті. Бұл магнитті левитация пойызының орташа жылдамдығынан да жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Тағы бір инновациясы Ultra Lighting Pop-Out Camera деп аталады. Камераның бұл жылжымалы құрылымы қалыңдығы 8,4 мм болатын корпусқа 1-дюймдік сенсор мен F1.6 диафрагманы сыйдырып тұр. Advanced Rotatory Transmission System жүйесінің арқасында түсіру кезінде камера автоматты түрде алға жылжып, ішкі құрылым үшін орын босатады.

Беріктігін тексеру

Өзінің күрделі құрылымына қарамастан, HUAWEI Pura 70 Ultra беріктігін тексеруге бағытталған 300 000 тесттен өтті. Камера IP68 стандарты бойынша шаң мен судан қорғалған, сонымен қатар оны зақымданудан сақтайтын полимер сұйық силикон қабатымен жабдықталған. Құрылғының дәлдігі аса жоғары сенсоры құлаған сәтте немесе қысым түскен кезде зақымдану салдарын мейлінше азайту үшін камераны автоматты түрде жылжыту функциясымен жабдықталған.

Huawei өзінің құрылғыларының төзімділігін арттыру үшін әйнектердің Kunlun Glass деп аталатын бірегей технологиясын әзірледі. Төрт жылға созылған зерттеулерден кейін Huawei инженерлері нанокристалдарды пайдалану және жоғары температурада қыздыру арқылы анағұрлым берік әрі тығыз материал өндіріп, жаңалық ашты. Super Durable Kunlun Glass деп аталатын әйнектердің бұл жаңа буыны құлауға төзімділікті 100% арттырады. HUAWEI Pura 70 Ultra құрылғысы сызат түсуден қосымша қорғанысы бар Crystal Armor Kunlun Glass әйнегімен жабдықталған.

HUAWEI Pura 70 сериясы Қазақстандағы пайдаланушыларына алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялық функцияларды ұсынады, осының арқасында бұл смартфондар сапа мен беріктікті бағалайтын адамдарға арналған үздік смартфондар болмақ. 

Huawei Consumer BG компаниясы туралы

Huawei өнімдері мен қызметтері 170 астам елде қолжетімді және оларды планетамыздағы халықтың үштен бір бөлігі пайдаланады. Әлемнің түрлі елдерінде, оның ішінде Германияда, Швецияда, Үндістанда және Қытайда 14 ғылыми-зерттеу орталығы ашылған. Huawei Consumer BG — Huawei компаниясының смартфондар, ЖК және планшеттер, тасымалы электроника, бұлтты қызметтер және т.б. әзірлеумен және өндірумен айналысатын үш бизнес-бөлімдерінің бірі. Huawei ғаламдық желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам тәжірибеге негізделген және бүкіл әлемдегі тұтынушыларына технологиялардың ең соңғы жетістіктерін ұсынуға бағытталған.

Талқылау