Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Huawei өзінің жеке HMS мобильді сервистері жайлы сөз қозғады

Алматыда журналистердің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Онда Huawei ұйымының Ресей, ТМД және Турциядағы тестілеу және кастомизация бөлімінің жетекшісі Максим Филин Huawei Mobile Services (HMS) мобильді қызметінің экожүйесі туралы сөз қозғады. Айтылған қызметтер әлем халқының күнделікті жұмысын жеңелдету үшін жаңа серпін ала келмек. 

Хуавей

Атап айтарлық жайт, 2019 жылдың 19 мамырынан бастап Google аталмыш қытайлық ұйыммен серікестігін тоқтатқан болатын. Осыған байланысты Huawei Google-дің орнына бірқатар жаңа қосымшалар мен іздеу платформасын жасап шықты. Сөз болып отырған Huawei App Gallery, Huawei Browser, Huawei Mobile Cloud виртуалды сервисі мен HMS экожүйесіне кіретін басқа да бағдарламалар 2018 жылдан бері өз аудиториясын жинап үлгерген. Huawei App Gallery қосымшасының аудиториясын 170 мемлекеттің азаматтары құрап, олардың саны 390 миллион асқан. Бір жылдың ішінде мобильді бағдарламаны пайдаланып 180 миллиард қосымша жүктеліпті. 

Қазір смартфондарға арналған қосымшалардан бөлек ақылды теледидар, VR және басқа да құрылғыларға арналған бағдарламалар жасалған. 

HMS экожүйесіне негізделіп жасалған алғашқы смартфон Huawei Mate30 Pro болды. Жаңа құрылғыға Kirin 990 процессоры орнатылып, үздік камералардың бірімен жабдықталған. Яғни жаңа үлгідегі смартфондағы төрт фотомодульдің арқасында кинематографиялық сапамен видеотүсірілім жасауға болады. 

Сондай-ақ HUAWEI Mate30 Pro ұялы телефонда мүлдем батырма жоқ. Ал дауыс реттеуіш қызметін смартфонның бүйіріндегі сенсорлы панель атқарады. Ең қызығы смартфон қолданушысы дауыс қондырғаларын оның кез келген жақтауында іске қоса алады. Сонымен қатар HUAWEI Mate30 Pro моделі дыбысты дисплей арқылы ойнату мүмкіндігіне - Huawei Acoustic Display-ге ие болды. 

6 наурыз күні HUAWEI Mate30 Pro смартфонына алдын ала тапсырыс беру басталып кетіпті. Жаңа телефонды 499 990 теңгеге сатып алуға болады екен. 12 наурызға дейін смартфонға тапсырыс беріп үлгергенде сыйлыққа Huawei Watch GT2 ақылды сағаты мен Huawei Freebuds 3 сымсыз құлақап, бір жылға тегін сервистік қызмет және үш жылға телефон экранын ақысыз ауыстыруға кепілдік беріледі. Ал флагманның сатылымы Қазақстанда 13 наурызда басталады. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

24 сағаттық жұмыс тәртібі: Науқастар үйлеріне барудан және жақындарын көріп тұрудан бас тартқан қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді

Аурухана басшылығы дәрігерлер үшін жеке платаны жабдықтап қойған

24-рабочий день: Пациенты благодарят казахстанских врачей, отказавшихся от поездок домой и встреч с родными

Күн жылынса, коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы

Коронавирустың таралмауына климаттың жылынуы қалай әсер етеді?

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Коронавирус жұқтырған Орал қаласының тұрғыны: Мен қылмыскер емеспін, бірақ бәрі мені сөгіп жатыр

Оралда ақпараттық порталдың қызметкері коронавирус жұқтырған

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Маман: Аурудың жаппай эпидемияға айналуы екіталай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жетті

Ауру жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді

Қазақстандық спортшы теннистің жаңа жұлдыздары рейтингінде ТОП-10 құрамына кірді

Бұған дейін ол әлемдік рейтингте ТОП-20 қатарына енді

Экспортпен айналысатын бензин өндірушілері жылдың соңына дейін акциз салығынан босатылды

Бұл ҚР үкіметі қабылдаған жаңа заңда көрсетілген

Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
Çàãðóçêà...