Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HUAWEI MateBook D 16: Күрделі жұмысты оңай істеуге арналған жеп-жеңіл лэптоп

Huawei-дің жұмыс күнделікті жасауға арналған ең қолайлы ноутбуктар компаниясы екенін білеміз. Әрі компанияның қажетті техникасын қолжетімді бағада алуға болады. Осы жолы HUAWEI кезекті тәжірибесінің жемісі ретінде алғашқы болып 16-дюйм форматындағы экраны бар жаңаланған HUAWEI MateBook D 16 ноутбугін таныстырды. Stan.kz тілшісі жаңаланған техниканы алғашқылардың бірі болып қолданып, оны таныстырады.

Процессор

Ең алдымен ескерте кетейік HUAWEI MateBook D 16 сериялы ноутбугі 2022 жылы шыққан. Бұл жолы компания осы лэптоптың 2023 жылдағы жаңаланған үлгісін ұсынып отыр. Екі үлгіні бір-бірінен ажырату оп-оңай. Себебі былтырғы үлгіде Ryzen компаниясының "қызыл" чиптері болса, биыл лэптоп Alder Lake компаниясының "көк" түсті процесслеріне ауысты. Мұның басты артықшылығы енді HUAWEI MateBook D 16 әдеттегі чиптері 28-вт лэптоптар чипінен қуатты. Ноутбук i7-13700H процессорімен қамтылған. Оның төрт үнемге және төрт жұмыс істеуге арналған ядросы бар. CPU-дің екеуі де 45 Вт көлеміндегі қуатты қолданады.

Бұл артықшылықтары әсіресе ноутбукті күнделікті қолданатын және әртүрлі орындарға мәселен, мектепке, университетке, жұмысқа, конференциялар мен кездесулерге көтеріп баруға мәжбүр адамдар үшін тиімді. Себебі жаңа процессордың арқасында оның салмағы 1,7 кг-ды ғана құрайды. Алайда оның жұмыс істеу қарқыны жоғары болғандықтан, кеңседе қолданатын жұмыс компьютерінің де қызметін орындай алады.

Дисплей

HUAWEI MateBook D 16 жоғарыда айтып кеткеніміздей 16-дюймді экранға ие. IPS-матрицасы 1920-1080-ге дейін кеңейтіледі. Бұл осы сериядағы алғашқы рамкасыз үлгі. Матрицаның сыртқы қабы күңгірт әрі қатты.

Қуат алып тұрғанда немесе батареяда қуат болған кезде ең қуатты жарық 340 кд/м²-ге жетті. Егер сыртқы жарық деңгейі 0% болса, онда лэптоптағы жарық 4 кд/м²-ге дейін түседі. Осылайша тас қараңғыда отырған жағдайда экранды қолайлы деңгейде жарықтандыруға болады. Жарық қатты төмендеген көзде қосымша реттеу модулі пайда болады. Бұдан бөлек, ноутбукті қолданған кезде экрандағы лездеме 11 мс деңгейінде ауысады. Контраст жоғары 1400:1, түстердің өзгеруі және тұрақтылығы жоғары деңгейде, яғни техника тілімен sRGB.

Күндіз жұмыста мәтін жазып, фотоларды редакциялағанда да, кешкі уақытта кино-фильм көріп отырғанда да экран көзді ауыртқан жоқ. Оның диагоналі үлкен болғаны көз жанарына қамқорлықтың белгісіндей көрінді.

Пернетақта мен тачпад

HUAWEI MateBook D 16 сериялы ноутбуктің бұрынғы үлгісінен тек батырма бөлігі ғана болған. Жаңа үлгіде цифрлар блогі пайда болды. Бұрын екі тарапта тұрған дауыс динамигі, ноутбуктің астыңғы бөлігіне өтті. Бұл туралы толығырақ сәл кейінірек айтамыз.

Батырманы басқан кезде оның жеңіл екендігін байқауға болады. Мәтінді тез терген кезде вибрация пайда болады. Батырмалардың жарығы бөлек: екі кезеңді, аппақ түстен тұрады.

Лэптопты қосу батырмасы бөлек орналасып, оған саусақ ізін тану механизмі қосылған. Онда 10 саусақтың ізін сақтауға болады.

Біз үшін ерекше жаңалық болған жасырын батырма. Оны басқанда көтеріліп, Web-камераны қосу мүмкіндігі ашылады. Бұдан бөлек, калькулятор, жұмыс үстелі, іздеу батырмалары да таң қалдырды. Аса ерекше әйнек тачпады қатты қозғалмайды. Саусақ біркелкі жылжып отырады. Тачпадты басқан сәтте артық еш дыбыс шықпайды.

Сырт келбеті

Лэптоп металл корпусы жұмысқа арналған қатаң әрі қарапайым дизайнмен құрылған. "Ғарыштық сұр" түс оған ресми бет-бейне беріп, кез келген жерде еркін қолдануға мүмкіндік береді. Кең экранының арқасында әріптестермен онлайн-кездесу ұйымдастырғанда барлық адамның жүзі анық көрінеді.

Ноутбук қапталында HDMI видео құрылғысы, акустикалық мини-джек, USB Type-A портынан екеу, Type-С портынан екеу бар. Оң жағында лэптоп қуат алу порты орналасқан. Айта кетейік, 65 Вт қуатты құралымен зарядталады.

Төменгі жағында ұзын резеңке қаптамасы бар. Ол динамик пен ауа алмастыру жүйесінің жұмысына жол ашады.

Супер Құрылғы

Ноутбук Huawei Share технологиясына қосылған. Бұл HUAWEI компаниясының Супер құрылғы жобасы аясында мүмкін болып отыр. HUAWEI MateBook D 16 өзіне қажетті тышқан, наушник немесе колонкамен ғана Bluetooth арқылы байланысып қана қоймай, кез келген HUAWEI гаджетімен байланыса алады.

Байланыс орнату үшін өзіңіздің Huawei смартфоныңызды Wi-Fi, Bluetooth және NFC қосып, лэптопта Wi-Fi мен Bluetooth қосып, оң жақтағы   белгісіне басып, Huawei PC Manager бағдарламасына қосылыңыз. Смартфонды ашып, NFC белгісін лэптоптағы Huawei Share белгісіне жақындатыңыз. Екі құрылғы қосылған жағдайда смартфонда вибрация немесе арнайы дыбыс шығуы қажет. Қосылғаннан кейін ноутбук экранында смартфон пайда болады. Осыдан кейін сіз смартфонды толық қарап, басқара аласыз, яғни:

Смартфондағы қосымшаларды лэптоптан ашу

Мәтін жазып, хат жіберу. Яғни ноутбукта мәтін жазып, оны смартфонға жібере аласыз. Немесе керісінше жасауға болады. 

Смартфон галереясындағы суреттерді лэптопта редакциялап, әлеуметтік желіде жариялай аласыз. Слайд немесе құжаттарды ноутбукта толтырып, смартфонда сақтайсыз.

Айта кетейік, дәл осы функцияны HUAWEI планшеттерімен немесе үлкен экранды теледидарларда қолдануға болады.

Сонымен, HUAWEI MateBook D 16 сериясындағы 2023 жылғы су жаңа лэптоппен жұмыс барысында оның әсіресе күнделікті жұмысы компьютерге тікелей байланысты адамдарға таптырмас құрылғы екенін түсіндік.

Біріншіден, жеңіл – 1,7 кг.

Екіншіден, кеңседе отырмай-ақ кез келген жерде кеңседегі құрылғыдан кем түспейтін жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Үшіншіден, дисплейдің кеңейгені, жарықтың құбылуы мен түстердің қанықтығы әсерінен көз жанарын шаршатпайды да, тіпті кешке дәл осы ноутбуктан сүйікті фильміңізді қосып қоюға кеңес береміз.

Төртіншіден, бірнеше құрылғыны байланыстырып, командамен жұмыс істейтін, презентация жасап, жоспарлар құратын компания үшін Huawei Share бағдарламасын қолдануға болады. 

Жарнама құқығында

Талқылау