Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HUAWEI Mate50: Жаңа флагмандық смартфон қандай функцияларымен таңғалдырады

Смартфон адам өмірінің бір бөлшегіне айналған уақытты ешкім байқамай да қалған болар. Қазір адамның ең көп уақыты осы "ақыл қалтаны" қолдануға кетеді. Ол біздің көңілімізді көтеріп қана қоймай, жұмысымыз бен жеке өмірімізге жәрдемдесетін әртүрлі функцияға толы болуы керек. Huawei ұсынған су жаңа смартфон осы қызметке қаншалықты сай екенін анықтап көрдік.

Сырт келбеті

Смартфондар әртүрлі түсте ұсынылады. HUAWEI Mate50 үшін “қара” және “күміс”, ал HUAWEI Mate50 Pro үшін “қызғылт сары” қолжетімді болады.  Space Ring яғни симметриялы түрде орналасқан камерамен түстердің қанықтығы смартфонға авангардтық стиль береді. Оның үстіне “қызғылт сары” түсті смартфонның сыртқы панелі экотеріден жасалған және биіктіктен құлаған күннің өзінде оңай шағыла қоймайтын "Kunlun" әйнегі орнатылған. Яғни қосымша қорғаныс құралдарын жапсырудың қажеті де жоқ.

Бейне

Қазіргі әлеуметтік желіге бейне материал бөлісу заманында, талғампаз тұтынушыны таңғалдыру қиын-ақ. Алайда HUAWEI Mate50-дің камерасы сізді бір емес, бірнеше рет таңдандырады.

Смартфонның 4 түрлі камерасы бар:

50-мегапиксельді XMAGE камерасы;

13 мегапиксельді макрокамера;

3D-камера;

Және 64 МП телеобьектив.

Бізді ең алдымен қатты таңдандырған Зум жүйесі. Таудың басында тұрып, төменде спорттық аренада кетіп бара жатқан көліктің қозғалысын бақылап отырамыз. Мұны цифрлы дүрбі деуге болады. Басты артықшылығы алыстағы көлікті көріп қана қоймай, әдемі етіп, видео немесе фотоға түсіріп аламыз.

Тас қараңғыда түнгі режимде сурет түсіріп, тіпті сіздің көзіңіз анық көрмейтін алдыңыздағы жолды камера көріп, жарық қосып, айшықтап береді. Ол үшін қосымша жарық қосудың қажеті де жоқ.

Камерада арнайы Профи режимде бар. Оны қолдану арқылы кәдімгі фотоаппараттағыдай жарықты, ракурсты, эффектті өзіңіз таңдай аласыз.

Егер сізге сельфиге түскен ұнаса, сіз үшін арнайы 3D-камерамен 13 мегапиксельді макрокамера орнатылған. Сондай-ақ, бұл камераларды мультикамера жүйесінде де қолдануға болады. Мысалы, сіз стрим жүргізесіз делік. Онда смартфондағы алдыңғы және артқы камераны қатар қосып, өзіңізді де, контентіңізді де қатар түсіре аласыз.

Қауіпсіздік

Смартфонда компанияның EMUI 13 операциялық жүйесі орнатылған. Private Space режиміне қойып, бір смартфонды екіге бөліп алсаңыз болады. Яғни мобильді қосымшаларды клондау. Бірақ бір қосымшаның интерфейсіндегі деректер екіншісінде көрінбейді. Әр интерфейстерді бөлек-бөлек экраннан блокты алғаннан кейін көруге болады, бірақ әрқайсысын әртүрлі код пен парольге байлап қоямыз. Яғни бірінші интерфейске келген пароль мен сұқ саусақтың ізі, екінші интерфейске сәйкес келмейді.

Смартфон шаң мен су кіргізбейді. Яғни олардан алдын ала қорғалған.  IEC 60529 стандарты бойынша IP68 сапасы расталған.

Сонымен қатар, смартфонда қауіпсіздік орталығы бар. Оның көмегімен қандай мобильді қосымша сіздің камераңызға, микрофоныңызға, мекен-жайыңызға немесе басқа да ақпаратқа сіздің рұқсатыңызсыз кіруге талпынғанын біле аласыз. Және фотосуреттерді мета деректерсіз жіберу функциясы бар. Яғни суреттің қашан, қайда түсірілгенін және басқа да ақпаратты жауып тастауға болады.

Мобильді қосымшалар

Экранды сол жағынан төменге қарай жылжытып, хаттар мен ұсыныстарды көрсек, оң жақтан төмен жылжыту басқару панеліне жол ашады. Кейбір қосымшалардың астында сызықша тұрады. Олардың үстінен басып тұрып, қосымшаға кірмей-ақ пайда болған кішкене терезе арқылы қажетті жұмысты жасауға болады.

Смартфонның өзінде орнатулы тұратын қосымшалар да аса қажетті. Мысалы, құжат немесе слайд жазу қосымшасы гаджетте бастапқы да болды. Әрі смартфонның көлемі үлкен болғандықтан оны жатқызып алып, қажетті құжатты толтырып, слайд жасай беруге, оны осы жерде көруге де болады.

Біз журналист болғандықтан гаджеттің дыбыс жазу сапасына да мән береміз. Жас музыканттардың концертіне барып, онда сұхбат алу керек болып, HUAWEI Mate50-ге алған сұқбатымыз тұп-тұнық шықты. Сыртымызда ойнап жатқан қатты музыканың даусы бәсең жазылып, спикердің сөздері анық жазылған.

Қажетті қосымшаларды Huawei компаниясының жаңа HUAWEI AppGallery дүкенінен көшіріп алуға болады. Мобильді қосымшаларды іздеу және жүктеу кезінде ешқандай қиындықтар туған жоқ. Жалпы Huawei-ге 200 мыңнан астам қосымша жазып алуға болады.

Қуат көзі

Компанияның таныстырылымына сәйкес смартфондағы батарея қуаты 4 500 мА*ч. Үздіксіз, фото-видео түсіріп, әлеуметтік желіге кіріп, музыка тыңдап жүргеннің өзінде телефон бір тәулік қуат көзін толық жоғалтпады. Және оны зарядтау да өте жеңіл болып шықты. 66 Вт зарядтау құрылғысы смартфонды 1 сағатқа жетпейтін уақытта толық 100% толтырып берді. Соңғы 5%-ды 5 сағаттан артық сақтап тұрды. Компания деректеріне сүйенсек, соңғы 1%-ды 3 сағаттай ұстап тұра алады. Ал телефонмен сөйлескен жағдайда 1% заряд 12 минутқа жетеді.

Сонымен қатар, осының алдындағы Huawei флагмандары секілді HUAWEI Mate50-де сымсыз зарядталады және өзге құрылғыларды зарядтай алады. Яғни сіздің басқа гаджетіңіздің қуаты таусылса, оны HUAWEI Mate50-ге қосып, зарядтап алсаңыз болады. 

Бізге HUAWEI Mate50-дің қандай қызметі қатты ұнағанын талдап айту да қиын. Камерасының мүмкіндіктері шексіз, сырт келбеті көз тартатын, қауіпсіздік жүйелері мен қуат көзі  мінсіз.

Айта кетейік, HUAWEI Mate50 серия смартфондарын ұсынылған бөлшек сауда бағасы бойынша 499990 теңгеден бастап компания серіктестері: Мечта, Sulpak, Technodom веб-сайттарынан сатып алуға болады және Huawei Official Store ресми онлайн дүкенінен Kaspi.kz веб-сайтынан тапсырыс беруге болады.

Қазақстанда бүгіннен бастап HUAWEI Mate50 сериялы смартфондарын компания серіктестері: Мечта, Sulpak, Technodom сайттарынан сатып алуға алады, сондай-ақ Kaspi.kz сайтындағы ресми Huawei Official Store онлайн дүкенінде сатылуы басталды.

Әр модель үшін ұсынылған бөлшек сауда бағасы:

  • HUAWEI Mate50 Pro (8+512 Гб тек "қызғылт сары" түсінде қол жетімді) - 599 990 теңге. Сыйлық ретінде ақ былғары баумен HUAWEI WATCH GT 3 Pro смарт сағаты;
  • HUAWEI Mate50 Pro (8 + 256 ГБ "қара" және "күмісі" түстi) - 549 990 теңге. Сыйлық ретінде HUAWEI WATCH GT 3 смарт сағаты (42 мм);
  • HUAWEI Mate50 (8 + 256 ГБ "қара" және "күмісі" түстi) - 499 990 теңге. Сыйлық ретінде HUAWEI WATCH GT 2 смарт сағаты (46 мм).

Толығырақ

Ақниет Аманжолқызы
Бейсенбі, 24 Қараша, 2022 09:29
Талқылау