Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Huawei болашақ энергетикасының стратегиялық басымдықтары туралы QazaqGreenFest 2025 аясында

фестиваль Казахгринфест.

2025 жылғы 12-13 қыркүйекте Ақтауда жаңартылатын энергетикаға арналған QazaqGreenFest IV Халықаралық іскерлік фестивалі өтті. Ол Қазақстандағы жаңартылатын және баламалы энергетика саласындағы басты форум болып саналады.

Фестивальді ЖЭК "Qazaq Green" қауымдастығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның бас серіктестері Huawei Technologies Kazakhstan және Photomate компаниялары болды. Фестиваль мемлекет, бизнес және халықаралық сарапшылар қауымдастығы өкілдерін Қазақстандағы энергетикалық трансформацияның стратегиялық сын-қатерлері мен перспективаларын талқылау үшін біріктірді.

Іс-шараның негізгі тақырыбы энергетикалық трансформация болды. Ол дәстүрлі жаңартылатын көздерден заманауи баламалы технологияларға көшуді қамтиды. Бағдарлама аясында жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамытуға қатысты заңнамалық базаны жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу мәселелері қаралды.

"Бүгін біз энергетика секторының терең трансформациясының табалдырығында тұрмыз. Қазақстанға жаңартылатын көздердің үлесін арттырып қана қоймай, интеллектуалды желілер, энергия жинақтау жүйелері және сутегі шешімдері сияқты болашақ технологияларын кезең-кезеңімен енгізу қажет. QazaqGreenFest іскерлік фестивалі Қазақстанға басым бағыттар мен нақты қадамдарды анықтауға мүмкіндік береді, бұл елдің позициясын нығайтып, жаһандық энергетикалық көшу үдерісінің белсенді қатысушысына айналуға жағдай жасайды", — деді ЖЭК "Qazaq Green" қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Бөлек бағыт ретінде энергетикалық жүйелердің болашағына арналған пікірталастар өтті. Мұнда өсіп келе жатқан ауыспалы генерация жағдайында энергожүйенің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін Grid-Forming технологиялары талқыланды. Дискуссия аясында заманауи цифрлық шешімдер ұсынылды, олардың ішінде ерекше қызығушылық тудырғаны — Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Smart String Grid-Forming ESS технологиясы болды. Ол пайдалану тәуекелдерін азайтуға және энергожүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Болашақ энергетикасы – тек жаңартылатын көздер ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды желілер, цифрлық технологиялар және заманауи энергия сақтау жүйелері. Huawei үшін бұл міндет стратегиялық басымдық болып табылады. Сондықтан компания инновациялық шешімдерді дамытуға айтарлықтай күш пен ресурстар жұмсайды, олардың кейбірі бүгіннің өзінде төмен көміртекті әрі тұрақты болашақтың іргетасын қалыптастыруда", — деп бөлісті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй.

Маңызды тақырыптардың бірі сутегі энергетикасының дамуы және оның елдің энергия теңгеріміне интеграциясы болды. Қатысушылар Каспий өңірінің ауқымды сутегі жобаларын іске қосудағы әлеуетіне айрықша назар аударды. Мұндай жобалар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен табиғи экожүйелерді қорғауды ескере отырып жүзеге асырылуы қажеттігі атап өтілді.

Бағдарламаның қорытынды бөлігі саладағы кедергілер, сын-қатерлер және даму перспективалары туралы бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогқа арналды. Пікірталас барысында практикалық кейстер мен бастамалар ұсынылды. Соның бірі — ЦАТЭК Green Energy жел электр станциясында Huawei компаниясының алғашқы BESS пилоттық жобасын іске қосу болды. Бұл қадам Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы интеграциялаудағы маңызды белеске айналды.

QazaqGreenFest іскерлік фестивалінің қорытындылары мемлекеттің, бизнестің және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіру елдің энергетикалық секторының тұрақты дамуына берік негіз қалыптастыратынын көрсетті.
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 11:18
Талқылау