Хромтаудағы кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, бір адам көз жұмды
Хромтау ауданына қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалып, бір жұмысшы оқиға орында қаза тауып, екінші кенші жарақат алды. Жарылыс кезінде зардап шеккен кеншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп мәлімдеді "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Төтенше оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жарылысқа әкелген себептер туралы әзір белгісіз. Дөң кен байыту комбинатындағы "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" атындағы шахтадағы төтенше жағдай жөнінде құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ақпарат берген жоқ.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ