Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтауда шахтерлар марапатталды

Хромтауда Казхром мәдениет үйінде шахтерлар күніне орай Eurasian Resources Group (ERG) өз қызметкерлерін марапаттады.

“Әлемде шахтерлар мен металлургтер еңбегінен асқан ауыр жұмыс түрі жоқ, сол үшін сіздердің еңбектеріңізді елемеу, көрмеу мүмкін емес. Бүгін сіз бен біз үшін айтулы мереке, осы сәтті пайдалана отырып сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбекте жеміс тілеймін”, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. 

Сонымен қатар шахтада ұзақ жыл еңбек етіп, өмірінің жартысынан көбін ауыр жұмысқа арнаған қызметкерлеріне өз қолымен алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.

Мерекеге орай өз саласы бойынша үздіктер, кәсібін адал атқарып жүрген 44 қызметкер ақшалай және корпоративтік марапаттарға ие болды.

Кеште әсем ән, әуезді музыка ойнап, қуанышты қызметкерлердің көңілін одан ары еселей түсті.

Талқылау