Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтауда әйелімен жанжалдасқан ер адам ашумен көшедегі жүргіншіге оқ атқан

Хромтауда әйеліне ашуланып, өтіп бара жатқан адамға оқ атқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат 02:00 шамасында полицияның "102" пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы жіберілді.

"Полицейлер ер адамның қылмыстық әрекетін одан ары жалғастыруына жол берген жоқ. Полиция қызметкерлері Мақсат Дастан мен Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірлерін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, мас күйдегі күдікті әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау