Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Honor X9a": Арманыңыздағы смартфон қолжетімді бағамен

Бағасы қолайлы, барлық жағынан көңіліңізден шығатын, қажетіңізге жарайтын мінсіз смартфон табу қазір оңай емес. Жыл сайын әр адамның талғамына, бюджетіне сай құрылғылар жаңарып, шығып отырады. Мұндай кезде таңдау жасау одан сайын қиындай түсері анық. Осы ретте Stan.kz редакциясы мыңнан бөлініп шығар, ерекше құрылғыны ұсынады. Бүгін HONOR X9a смартфонын таныстырамыз. Ол алғаш қолына ұстағаннан-ақ тұтынушы баурап алары сөзсіз.

Дизайн және эргономикасы

Әдетте сыртқы бейнесі әдемі болатын құрылғылар бағасы 500 мың теңгеден кем түспейді деп қабылдаймыз. Себебі бағасы орташа смартфондардың корпусы нашар болады деп ойлаймыз. Алайда HONOR X9a бұл жаңсақ пікірді өзгертеді. Ендеше дәлелдейік!

Дизайнының басты ерекшелігі - артқы жағында қара шеңбер түрінде жасалған негізгі камера модулінің болуында. Бұл сәнді көрінеді әрі брендтің дизайны өзгеше екенін көрсетеді. Бұл бір жағынан біртұтас экожүйе құру үшін жасалған. Смартфонды қолға алып, алдыңғы бөлігіне көз жүгіртсек,  жиектері дөңгелектелген, алдыңғы камерасы тұсына ойықталған, жақтауы жоқ сарқырама тәріздес экранды көреміз.

Оның салмағы бар-жоғы 175 грамм, ал қалыңдығы 7,9 мм. Қолға ұстағанда доғалданған бөліктерінің арқасында әлдеқайда жұқа болып көрінеді, қолда ұстағанда білінбейді.

Экраны

Бұл смартфонның өте маңызды бөліктерінің бірі, өйткені барлық әрекеттің орындалуы экран арқылы жүзеге асады. Сол секілді HONOR X9a-ның да мақтанарлық тұсы бар.

Ол OLED матрицасы бар үлкен 6,67 дюймдік экранмен жабдықталған. Түстердің барынша дәл, қанық болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан мұндағы түстер өмірдегідей шынайы көрінеді. Онда 2023 жылдың маңызды құралы FullHD + рұқсаты бар екенін де айта кету керек.

Кез келген сапалы смартфонның экран герці жоғары болуы шарт. Бұл ретте HONOR X9 бәсекелестері секілді 90 Гц емес, қымбат флагмандықтар сияқты толыққанды 120 Гц-ті құрайды. Кадрларды жаңарту жылдамдығын арттыру суретті тегіс көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, ол жүйелік интерфейсте және белсенді ойындар кезінде байқалады.

Тағы бір маңызды жайт, HONOR X9a экранының ерекшелігі – дисплейдің адам көзі үшін қауіпсіздігін дәлелдейтін TUV Rheinland зертханасының сертификаты. Ол денедегі мелатонин (ұйқы гормоны) бөлінуіне және көру сапасына теріс әсер ететін көк жарық толқындарының шығарылу мөлшерін азайтады. Мұндай экранды ұзақ пайдаланған кезде көздің шаршауы бәсеңдейді. Бұл, әсіресе, телефонда ұзақ отыратындар үшін өте маңызды болмақ.

Жұмыс өнімділігі

HONOR X9a кез келген тапсырма үшін тамаша орта деңгейлі Qualcomm Snapdragon 695 процессорымен жұмыс істейді. Ол чип өнімділігі жоғары екі Cortex-A78 ядросынан және энергияны үнемдейтін алты Cortex-A55 ядросынан тұрады.

Біз ойындар жайлы бекер атап өтпедік, себебі дәл осы Осы процессор смартфон арқылы ойындарды кедергісіз ойнауға тамаша мүмкіндік береді. Бірақ флагмандық шешім болмағандықтан Genshin Impact бағдарламасынан одан максималды графикалық параметрлерді күте алмаймыз. Дегенмен орташа параметрлер болған күннің өзінде бәрі жақсы жұмыс істейді. Ал қарапайым ойындар ол үшін тіптен жеңіл.

Сатылымда 6 ГБ жедел жадына арналған нұсқалар бар. Алайда HONOR X9a жедел жады қажеттіліктері үшін 5 ГБ дейін тұрақты жадты резервтеу функциясына ие, сондықтан оның көлемін 11 ГБ дейін арттыруға болады - кез келген қолданба үшін жеткілікті!

Камерасы

Сапалы камера Instagram-ның сәнді болуына кепілдік береді. Жалпы HONOR смартфондарының бәрімен сурет тамаша шығады, HONOR X9a-пен де керемет кадрлар жасауға болады.

Негізгі камерасы 64 мегапиксельді ажыратылымдыққа және f\1.8 апертурасы бар объективке ие, бұл түнгі режимде жарық аз жерде анық көрінетін және жоғары сапалы фотосуреттер түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ смартфонда 5 МП кең бұрышты камера және 2 МП макрокамера бар.

Ал негізгі сенсоры арқылы жоғары динамикалық диапазоны бар қанық әрі әдемі кадрларды жасауға болады. Мұнда HDR жақсы жұмыс істейді, тіпті жарық артқы жақтан түсіп тұрса да, фотосурет жоғары сапалы болып шығады.

Үздіктердің бірі

Демек HONOR X9a орта буындағы негізгі смартфондардың бірі деп сенімді түрде айта аламыз. Жылдың соңында ол үздіктердің бірі аталуы мүмкін, сондықтан оны күмәнсіз сатып алуға кеңес беруге әбден болады.

Ешкімді бей-жай қалдырмайтын әсерлі дизайны, жарқын экраны және сапалы камерасы оның артықшылығы деп ауыз толтырып айтуыға болады.

Айта кетейік, сатылымда HONOR X9a-ны 199 990 теңгеге табуға болады. Ал 28 ақпанға дейін смартфон сатып алушылар сыйлық ретінде HONOR CHOICE X3 Lite сымсыз құлаққаптарын ала аласыз.

Талқылау