Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HONOR Қазақстан нарығына шықты: Компания X сериялы үш смартфонын ұсынып отыр

HONOR компаниясы қазақстандық нарыққа шығып, үш HONOR X9, X8 және X7 смартфондарының сатылымға шығарылғанын мәлімдеді. Әрбірі өзіндік дизайны мен сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Бірақ оларды жақтаусыз 90 Гц жаңарту жиілігі бар FullView экраны, Snapdragon® 680 өнімді процессоры және барлығына қол жетімді Google қызметтері (GMS) біріктіреді.

"HONOR тәуелсіз компания ретінде Қазақстан нарығына шыға алды. Ол түрлі санаттардағы технологиялық құрылғылар, оның ішінде смартфондар, ноутбуктер, алып жүретін заттар мен аудиоқондырғылар, үйге және кеңсеге арналған түрлі жабдықтар шығарады. Әрине, біздің мақсатымыз – осы айтылған барлық санаттағы заттардың жедел түрде модельдерін кеңейту және бизнеске орнығуын нығайту. Жаңа құрылғылардың шығуы арқылы барлық сегменттер мен арналарда біздің бренд тауарларының көлемі өсетіні белгілі. Барлық HONOR өнімдерін әзірлеу кезінде біз пайдаланушылардың ең үздік технологиялық шығарылымдар мен пайдаланушылық тәжірибе алғанына көз жеткіземіз. Біздің құрылғылар көпшіліктің көңілінен шығатынына сеніміміз мол", — деп атап өтті Еуразия аймағы елдеріндегі HONOR компаниясының президенті Джейсон Лиу.

Барлық құрылғылар 15 қыркүйектен бастап "Мечта" электроника сауда желісінде қолжетімді болады. Өнімдер “титан күміс түстес", "қою қара түнек" және “көк мұхит түстес" болып сатылымға шығарылды. Сатылым басталғаннан бастап 19 қыркүйекке дейінгі кезеңде эксклюзивті 20% кэшбэк қолданылады. Ал 20 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін 10% кэшбэк жұмыс істейді. 19 қыркүйек пен 2 қазан аралығында сатып алушылар үшін Kaspi Bank-тен 12 айға дейін бөліп төлеу қолжетімді болады.

HONOR X9 бағасы – 169 990 теңге, HONOR X8 бағасы – 149 990 теңге, ал HONOR X7 бағасы –  119 990 теңге.

Смартфондарды мына сілтеме арқылы алуларыңызға болады. 

HONOR X9

HONOR X9 смартфонының салмағы небәрі 189 г. Жұқа корпусымен ерекшелетін өнімнің процессоры мен FullView-экраны – 6,81 дюймдік және 2388х1080 пиксельге дейін рұқсат етілген. Бұл 16,7 миллион түстерді ажыратып, суретке нақты әсер мен егжей-тегжейлі кескін береді. HONOR X9 64 Мб квадро камерамен және 13,5 сағаттан астам әлеуметтік желі мен 16 сағаттан астам видеоны көруге, сондай-ақ 25,5 сағаттан астам қоңырауға жауап бере алатындай қуатты батареямен жабдықталған. Honor SuperCharge 66 Вт жылдам зарядтау технологиясымен пайдаланушылар смартфонды 15 минут ішінде 50%-дан, ал 30 минут ішінде 80%-ға дейін зарядтай алады.

Сондай-ақ, Смартфон 8 Гб дейінгі жедел жадты кеңейту технологиясымен жабдықталған. Бұл қосымшалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және құрылғымен өзара әрекеттесуде пайдаланушы тәжірибесін жақсартады.

HONOR X8

HONOR X8 смартфоны өзінің баға сегменті үшін ең жақсы жағдайды ұсынады: жұқа (7,45 мм) және жеңіл (177 г) корпус, стильді дизайн, 64 Мп квадрокамера және өнімді процессор. Смартфон Android 11 негізінде жұмыс істейді және Google (MSN) қызметтерімен жабдықталған.

HONOR X8-де 6,7 дюймдік FullView экраны бар және осы санаттағы смартфондар арасында экран аймағы пайдалы ең жоғары көрсеткішті (93,6%) құрайды. HONOR X8 экраны көру қабілетін қорғау режимімен жабдықталған. Ол құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланса да, көздің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Смартфон TÜV Rheinland көгілдір жарық деңгейін төмендету сертификатын алды. Сондай-ақ электронды кітап режимі және жарық аз жағдайда жұмыс істеуге арналған “қараңғылық” режимі бар.

8 Гб дейінгі жедел жадты кеңейту технологиясының арқасында пайдаланушылар бір уақытта қоңырауларға жауап бере алады. Фонда жұмыс істеп тұрған қосымшаларға алаңдамай-ақ хабарлама жаза алады.

Honor X8 аккумуляторы YouTube желісінде 13 сағатқа дейін видео тамашалауға, 19 сағат веб-сайттарға шолу жасауға және 9 сағаттан астам ойын ойнауға мүмкіндік береді. Жылдам зарядтау технологиясы арқылы пайдаланушы смартфонды 10 минутта зарядтап, 3 сағат бойы телефонды онлайн режимде қолдана алады. 

HONOR X7

HONOR X7 смартфоны жиектемесіз FullView-6,74 дюйм экранымен және өнімді процессорымен ерекшеленеді. Android 11 негізінде жұмыс істейді және Google қызметтерімен (GMS) жабдықталған.

HONOR X7 48 мп квадро камерасымен жабдықталған. Бұл пайдаланушыларға кез-келген уақытта және кез-келген жерде мәліметтерді сақтауға және суретке түсіруге мүмкіндік береді.

5000 мА*сағ қуатты батарея 20 сағатқа дейін онлайн видео көруге немесе 49 сағаттық телефон қоңырауларына жауап беруге мүмкіндік береді. Ал жылдам зарядтау технологиясымен пайдаланушы смартфонды 10 минут ішінде зарядтап, 3 сағат бойы видео көре алады. 

Смартфон 6 Гб дейінгі жедел жадты кеңейту технологиясымен жабдықталған. Бұл қосымшалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Талқылау