Hongqi премиум брендіне тиесілі жаңа көліктердің бағасы жарияланды
Астанада жаңа Hongqi премиум брендіне тиесілі модельдік желінің жабық тұсаукесері өтті. Шараға қазақстандық өнер қайраткерлері мен беделді тұлғалар қатысты, ал Бейбіт Әлібеков, Әсел Сағатова, Талғат Итаев және оның жұбайы Айым Сейітметова кеш жүргізушілері болды.
Hongqi – ірі автоконцерндердің қатарына кіретін FAW Group-тың бөлшегі және ол 65 жыл көлемінде бұл саладағы бедел мен инновацияның көрінісі болып саналады. 90-жылдар басталмай тұрып, бренд көліктері шектеулі мөлшерде шығарылды және бүгінгі күні де Hongqi көліктерін тек арнайы қауым үшін шығарады.
2019 жылы Hongqi жаһандық аудиторияға таныстырылды. БАӘ мен Сауд Арабиясынан кейін бренд Еуропада бірден танымал бола бастады.
Қазақстандағы дистрибьюция. Allur Premium Hongqi компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы ресми өкілі атанды. Ал бүгін көлік желісінің бағасы мен жабдықтары айтылды.
Hongqi H5
18,9 млн теңгеден басталады
Ұзындығы бес метрге жуық седанның өзінде ғаламат сыртқы пішін мен жоғары сапалы өндірісті, жоғары сапалы әрлеу материалдарын қамтыған заманауи дизайн үйлескен.
Табиғи былғарыдан жасалған кең интерьер жүргізуші мен жолаушыларды шығыстық сән-салтанат пен заманауи технологияның атмосферасына бөлейді.
Көлік 224 ат күші бар тиімді екі литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқышпен, 8 сатылы толық жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.
H5 моделі екі жинақтамада ұсынылады – 18 990 000 теңге тұратын Comfort және 20 990 000 теңге тұратын Deluxe. Шанақ түстерінің төрт нұсқасы бар: көк, қара, сұр және ақ. Интерьер үш түсті болмақ: қара, қызыл және ақ.
Hongqi HS5
19,9 млн теңгеден басталады
Ұзындығы 4,7 метрден асатын кроссовер тартымды және үйлесімді келбетімен көздің жауын алады. Кроссовер дизайнындағы Hongqi стилі ерекше тордың және алдыңғы қанаттардағы ерекше бөлшектердің арқасында анық танылады. Арнайы дизайн элементі – "Хончи қанаты" – көліктің бүйірлерінде орналасатын жарықдиодты проекциялық жарық түсіретін құрылғы.
Бұл модельдің интерьері де тартымды, жақсы жабдықталған және керемет безендірілген. Бұл көлікте жайлылыққа ерекше көңіл бөлінген. Алдыңғы панельде – диагоналі 12,3 дюйм болатын жабдықтар мен мультимедия жүйесінің қос дисплейі орналасқан. Ал үлкен люгі бар панорамалық шатыр еркіндік сезімін арттырады.
HS5 моделі екі жинақтамада ұсынылады – 19 990 000 теңге тұратын Comfort және 22 490 000 теңге тұратын Flagship. Шанақ түстерінің төрт нұсқасы бар: ақ, көк, қара және алтын түсті. Интерьер үш түсті: қара, көк және қызыл.
Hongqi H9
39,9 млн теңге
Rolls-Royce компаниясының дизайнері болып жұмыс істеген Джайлс Тейлордың басшылығымен жасалған ұзындығы 5 м-ден асатын седан. Көліктің тартымдылығын тарылтылған матрицалық шамдармен үйлесетін ұзын капот пен стильді радиатор торы арттырады. Оның тағы бір ерекшелігі – шығып тұратын есік тұтқалары, олар H9 көлігінің динамикалық сұлбасын көріктендіре түседі. Жалпы осы сән-салтанат көрінісі шанақтың біріктірілген бояуымен аяқталған.
Hongqi H9 көлігінің ғаламат интерьері жүргізуші мен жолаушыларды ең жоғарғы деңгейдегі жайлылықпен, наппа былғарысын есепке алғанда әрлеудің іріктелген материалдарымен қоршап, алуан түрлі жабдықталуымен таңғалдырады. Мысалы, алдыңғы және артқы орындықтарда ауа сапасын бақылайтын және салонның ионизациясына жауап беретін климат-бақылау және желдету функциялары бар, сондай-ақ массаж түрлерін таңдау мүмкіндіктері де қарастырылған. Бұған 12 динамигі бар Боуз премиалды стереожүйесін және панорамалық шатырды қосыңыз. Осыдан бөлек алдыңғы әйнекке проекциялық экран, адаптивті круиз-бақылау, автоматты тұрақ жүйесі және бақылау камерасы ұсынылады.
Седан Deluxe жинақтамасында 39 990 000 теңге тұрады. Шанақтың төрт түсі бар: қара, күлгін, қоңыр, күлгін мен алтынның үйлесімі. Интерьер екі түсті: қара және қызыл.
Hongqi E-HS9
59,9 млн теңге
F-SUV сегментіндегі флагмандық әрі толығымен электрлі жол талғамайтын көлік.
Hongqi ұсынған модельдік желінің көшбасшысы. Оның дизайны Джайлс Тейлордың басшылығымен жасалған. Модель біріктірілген ғаламат торының әрі матрицалық шамдарының, монолитті пішіні мен керемет келбетінің арқасында бірден танылып,
көлік ағынында көршілерінің құрметіне ие болады. Көліктің ерекшелігі – көркем жарықдиодты жарықтандыру құрылғысы.
Көлік қуаты 550 ат күшінен асатын екі электр қозғалтқышымен жабдықталған, бұл көлемі 6 литр болатын 12 цилиндрлі бензин қозғалтқышының қуатына тең, осының арқасында ол бар болғаны 4,8 секундтың ішінде 100 км/сағ жылдамдықпен жүре алады, бұған толық жетекті қосыңыз. Сыйымдылығы жоғары тартым батареясы 120 кВт тең, бұл көлік 500 км-ден астам жерді жүре алатынын көрсетеді. Көлікті тез қуаттап алу мүмкіндігі де бар. E-HS9 тағы бір артықшылығы – пневматикалық ілмек.
E-HS9 көлігі Flagship жинақтамасында ұсынылған, ол 59 990 000 теңге тұрады. Шанақтың мына түстері қолжетімді: ақ, өзі ақ бірақ шатыры қара, қара, күміс түсті, өзі күміс түсті, бірақ шатыры ақ және араласқан ақ/күміс түстері. Интерьер үш түсті нұсқада қол жетімді: қара, қара-ақ және қызыл.
Толығырақ ақпарат алу үшін Астанадағы дилерлік орталықтарға мына мекенжай бойынша келіңіз: Мәңгілік Ел, 63А. Алматыдағы дилерлік орталықтар Майлин көшесі, 240А мекенжайы бойынша орналасқан. Сондай-ақ бренд жаңалықтары туралы ресми веб-сайттан және әлеуметтік желілерден біліңіз.