Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Home Credit Bank жылдық теңгелік депозит мөлшерлемесін 18%-ға көтерді

Қазақстандықтарға нарықта жылдық 18% рекордтық мөлшерлемеде депозит ашуға мүмкіндік пайда болды.

Мұндай кіріске кенелу үшін "Сберегательный акционный" депозитін ашуыңыз керек. Салымның ең төменгі сомасы – 100 000 теңге, салым мерзімі – 3 ай. Пайыздар күн сайын есептелетіндіктен табысыңыздың өсуін тәулік сайын бақылай аласыз.
Депозит банктің жаңа тұтынушылары үшін де, бұрынғы салымшылары үшін де қолжетімді. Банк қызметін бұрыннан тұтынып келгендер бұл депозитке жаңа қаражатты салуы қажет. 

Депозитті Home Credit Bank мобильді қосымшасы арқылы оңай әрі ыңғайлы аша аласыз. Ол үшін “Өнімдер” → “Депозиттер” бөліміне өтіп, депозитті бірнеше минутта рәсімдей аласыз. 

Жылдық 18% тиімді мөлшерлемесі бар акция шектеулі мерзім ішінде ғана қолжетімді болады. "Сберегательный акционный" депозиті туралы толық ақпарат пен шарттарды банк сайтынан біле аласыз. Ал салымдар 20 миллион теңгеге дейін қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы мемлекет тарапынан қорғалады. 

Home Credit Bank – штаб-пәтері Чехияның Прага қаласында орналасқан халықаралық қаржылық тұрақты PPF тобына кіретін Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк. Банк Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Меншікті капитал мөлшері бойынша Home Credit Bank еліміздегі ең ірі банктердің ондығына кіреді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 17.08.2022 ж. берген №1.2.36/40 лицензиясы.

Талқылау