Хоккейден олимпиада жолдамасына таласатын Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Хоккейден Қазақстан құрамасының олимпиадаға жолдаманы қай құрамаларға қарсы сарапқа салатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Хоккей федерациясы
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Хоккейшілеріміз D тобына түсіп, Словакия, Австрия және Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды. Топта жеңімпаз болған құрама ғана турнирге жолдама алады. Турнир 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасы Братиславада өтеді.
Айта кетейік, ерлер арасындағы хоккей турниріне 12 ел қатысады. 2023 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша рейтингте тұрған алғашқы сегіз құрама және олимпиадалық іріктеуде жеңіске жеткен 3 құрама жолдамаға ие болады. Сондай-ақ қысқы Олимпиаданы өткізетін ел ретінде Италия құрамасы қатысады.
Талқылау

"Қайыққа міну құны 15 мың, сайтта 5 мың теңге": Көлсай көлдерінде қызмет құны неге ресми бағадан жоғары
Министрлік Көлсайда көрсетілетін қызметтің бағаларын реттемейді екен

Алматылықтар Әл-Фараби даңғылының жабылуына байланысты көлік коллапсын күтуде: Әкімдік жөндеу жұмыстарының неге жаздың соңында басталғанын түсіндірді
Әл-Фараби даңғылы бойындағы газ құбыры 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әбден тозған