Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында "Айсұлу" командасы жеңімпаз атанды
Фото: Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы
Алматының "Айсұлу" әйелдер хоккей клубы Қазақстан чемпионатында кезекті рет өз үстемдігін дәлелдеп, 19-рет ел чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалдық ойында команда Астананың "Томирис" клубын 2:0 есебімен жеңіп, 2025 жылғы маусымның жеңімпазы атанды. Осылайша алматылық команда ішкі біріншілікті 19-рет ұтты.
Сонымен қатар, 2025 жылдың наурыз айында "Айсұлу" Еуропалық әйелдер хоккей лигасының (EWHL) жеңімпазы атанып, финалда Австрияның "Сэйбрз Санкт-Пёльтен" клубын овертаймда 2:1 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын.
Команда құрамында Қазақстан әйелдер құрамасының жетекші ойыншылары — Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова және Лариса Свиридова өнер көрсетіп, клубтың халықаралық ареналардағы табыстарына үлкен үлес қосты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”