Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Қазақстан қыздар құрамасы шайбалы хоккейден  ІІ дивизиондағы әлем біріншілігіне қатысады. А тобына түскен Қазақстан әйелдер құрамасының тобында Қытайлық Тайпей, Бельгия, Испания, Исландия, Мексика командалары бар. Хоккейшілеріміз алғашқы ойнын 7 сәуір күні Мексикаға қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, әлем біріншілігі 7 сәуір басталып, 13 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы соңғы матчын Испания құрамасына қарсы өткізеді. 

Талқылау