ХОК Ресей құрамасын 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатыстырмайтын болды
Фото: Getty Images
Ресей құрамалары, оның ішінде ұлттық хоккей құрамасы, 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мәлімдеді. Комитет бұған дейін Ресейге қатысты қабылданған санкциялар күшінде қалатынын растады.
ХОК-тың мәлімдеуінше, Ресей спортшыларынан құралған командалар бейтарап мәртебеге ие бола алмайды, сондықтан олар Олимпиадаға қатыса алмайды. Бұл шешімді Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) да қолдап, Ресей хоккей құрамасының Олимпиада турниріне қатыспайтынын растады.
Ресей құрамасының орнына хоккей турниріне Франция құрамасы қатысады.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында ХОК Ресей Олимпиада комитетінің мүшелігін тоқтатқан болатын. Бұл шешім Ресей тарапынан Украинаның оккупацияланған аймақтарында аймақтық Олимпиада кеңестерін тануына байланысты қабылданған еді. ХОК бұл әрекетті Олимпиадалық хартияға қайшы деп бағалады.
Соған қарамастан, жекелеген ресейлік және беларусьтік спортшылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарына бейтарап мәртебеде қатыса алады. Алайда олар қатаң тексеруден өтіп, ұлттық рәміздерді пайдалануға тыйым салынады.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
