"Хит болмай қалса, Қайратқа ренжіме": Мөлдір Мұқан әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жаздырды
Фото: Stan.kz
Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан әріптесі Қайрат Нұртаспен дуэт жаздырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жаңалықты жеке парақшасында жариялады.
“20 жыл бойымдағы өнерді жасырдым. Отбасы мен бала-шағаны бірінші орынға қойдым. Енді уақыт келген сияқты. Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын. Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнеріммен бөлісетін шақ туды. Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар?! Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар?! Махаббат па?! Әлде өмір туралы ма? Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?", – деп жазды Мөлдір.
-
"Өмірімнің астаң-кестеңін шығардың": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тағы да желіні шулатты
-
"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды": Мөлдір Мұқанның жазбасы қызу талқыға түсті
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Бірі қос жұпқа қолдау білдірсе, енді бірі Қайрат Нұртастың жеке орындаушы болғанын қалап жатыр.
Шоу-бизнестегі бомба жаңалық болды”, “Қайрат жеке айта берсе қайтеді?!”, “Хит болмай қалса, Қайратқа ренжіме”, “Қыпшақтың қызы жаным мықты! Сынақ келсе сынба, қаскайып жур!", "Тағдырларың ұқсас қой,өмір жайлы дұрыс-ау", "Жұлдызбен жазбадың ба", "От болайын деп тұр екен ғой", "Асыға күтеміз", - деп жазды көпшілік.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
