Хирургтер әйелдің миынан ұзындығы 8 см болатын тірі құрт алды
Хирургтер әйелдің миынан ұзындығы 8 см болатын тірі құрт алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Канберрада бірегей операция жасалды. 2021 жылы көмекке алғаш жүгінген 64 жастағы науқастан сегіз сантиметрлік тірі құрт алынды. Содан кейін үш апта бойы ішінің ауырсынуына, диареяға, тұрақты құрғақ жөтелге, дене қызуының көтерілуіне, түнгі тершеңдікке шағымданды. 2022 жылы белгілерге ұмытшақтық пен депрессия қосылды. Сондықтан әйелді мидың МРТ-на жіберді. Операцияны қажет ететін ауытқулар анықталды.
"Ophidascaris robertsi — питондарда кездесетін дөңгелек құрт. Канберра пациенті әлемде бұл паразит табылған алғашқы адам болды", - деп атап өтті басылым.
Қалалық аурухананың инфекционисті Саньяю Сенанаякенің айтуынша, паразит науқастың үйінің жанындағы көлде тұратын питондарда кездеседі. Құрт әйел тамақ ретінде жинаған шөпте болуы мүмкін.
Дәрігер Ophidascaris құртының инфекциясы адамнан адамға берілмейтінін және COVID-19 немесе Эбола сияқты ауру тудырмайтынын айтты.